Ерлан Біләл Әбділдаұлы (1971 жылы 23 ақпан)

Ерлан Әбділдаұлы Біләл (1971 жылы 23 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2007). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2002). Құрмет орденінің иегері (2016).
Ерлан Әбділдаұлы 1971 жылы 23 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және театр актері мамандығы бойынша бітірген.
1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
2011 - 2012 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директорының орынбасары.
2014 -2015 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі.
2015 - 2018 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас директоры.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық