Геометриялық пішіндер

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Балаларды көлемді денелер (шар, текше, конус) туралы түсінікті нақтылау, геометриялық пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге, геометриялық пішіндердің өмірде қажеттілігін түсінуге үйрету. Қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды тауып үйрену.
Дамытушылығы: балалардың есте сақтау қабілеттерін шыңдау, ой - өрісін дамыту, және жетілдіру Сөздік қарым - қатынастарын байыту
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Керекті құралдар: геометриялық пішіндер, суреттер, көз байлауға орамал, таяқшалар.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру, ойын, жұмбақ, көрсету.
Түрі: қайталау сабағы
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, көркем әдебиет.

Ынталандыру,
Сезімдерін ояту.
- Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу - іс әрекетіміз, математика сабағына қонақтар келіпті. Шаттық шеңберіне шығып сәлемдесейік.
- Өте жақсы, балалар! Бүгін класта кезекші кім? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық