Экономика | Бүгінгі экономикадағы шағын орта және ірі бизнес және олардың байланысы

Монополды мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік құқық қызметі тек мемлекетке ғана жатады. Рыноктық экономика кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорынмен индивидке де мүмкіндіктер жасалады. Бұл рыноктық экономиканы тап-тұйнақтай етіп, ҒТП талаптарына сай болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасатады. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі – кәсіпкерлік құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде майда, орташа және ірі кәсіпкерлікке бөлеміз. Кәсіпкерлік субъекті бойынша да бөлінеді: кәсіпкерлік субъектісіне - әртүрлі экономикалық қызметке қатысатындар, жеке индивидтер (жеке тұлға) және жалпы экономикалық мүдделер мен келісім-шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. Ал ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестік, кооператив, акционерлік қоғам, холдингтер және мемлекеттік кәсіпкерлікті айта аламыз.
Неміс ғалымы әрі экономисі Иозеф Алоиз Шумпетердің ойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы жаңа игілікті жасауға бағытталған. Сондай-ақ өндіріске жаңа тәсілді ендіруге, затты өткізетін жаңа нарықты игеруге, жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар көзін табуға өндірісті талапқа сай, басқаша құруға күш салады.
Кәсіпкерлік өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген шаруашылық тәсілі, экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Кәсіпкерлікті құрудың діңгекті нәрсесі – мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтық экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды, сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай, нарықтық экономиканың басты қасиеті – «өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі». А. Маршалл бойынша, кәсіпкер – экономикалық процесті жеделдетуші.....
Рефераттар
Толық