Химия | Біратомды спирттердің құрылысы

Бұл класс қосылыстарының құрылыстарындағыолардыңбелгілі өкілі – этил спиртін С2Н6Омысалға алып қарастырамыз. Бұл судан жеңіл ( тығыздығы о,8 г/ см ) 78, 3 с температурада қайнайтын, суда және көптеген органикалық заттарда еритін, түссіз, өзіне тән иісі бар, сұйықтық.
Спирттің молекулалаық формуласын және элементтердің валенттіліктерін біле отырып, оның құрылысын бейнелеп көрейік. Оның екі түрлі құрылымдық формуласын жазуға болады.
Олардың қайсысы этил спиртінің құрылысына сай келеді.
Формуланы салыстыра отырып,а формуласы бойынша заттардың химиялық құрылысы тұрғысынан молекуладағы барлық сутегі атомдары бірдей екенін байқаймыз,сондықтан олар қасиеттері жағынан бірдей болады.ә формуласында сутегі атомдарына айырмашылық бар екені көрініп тұр.Бізге белгілі су молекуласындағы құрылымдық элементке-гидроксилтобына еріксіз назар аударуға тура келеді.Мұндағы сутегінің бір атомы электртерістілігі күшті элементпен-оттегі атомымен байланысып тұр,ол туралы а және ә формуласындағы сутегінің басқа атомдары туралы айтуға болмайды.Спирт (сусыз) бар пробиркаға бір түйір натрий салайық.Сол кезде реакция жүріп,газ бөліне бастайды.Бұл газдың сутегі екенін анықтау қиын емес.Спирттің молекуласында көмірсутек радикалымен байланысқан гидроксил тобы- ОН бар екенін көрсету үшін,этил спиртінің молекулалық формуласын көбінесе былай жазады. СН3-СН2-ОН немесе С2Н5ОН.....
Рефераттар
Толық