Экология | Биоценоз табиғаты ортасында әр түрлі организмдер

Әрбір организм барлық уақытта өзінің тіршілік ортасында басқа да организмдермен тығыз байланыста, олармен әртурлі қарым-қатынаста болады, анықтап айтқанда сол организмсіз тіршілік қабілеттілігі тоқталады. Сондықтан да сол тіршілік ортасында организмге әртүрлі биотикалық факторлар әсерін тигізеді. Сондықтанда табиғатта бір-бірімен топтар құрып, бірігісіп, бір-бірінін, тіршілік өміріне бейімделіп өмір сүреді.
Сонымен биоценоз немесе экологиялық топтар дегеніміз тірі организмдердің (жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер) бір жерде бір-бірімен өзара байланыста тіршілік ету жағдайын айтады. Бұлардың мекендейтін жері орман, көл, теңіз, тоғай, дала, шөл дала, тау т. б. жерлер болуы мүмкін.
Биоценоз деген атауды немістің ғалымы Карл Мебиус 1877 жылы Солтүстік теңіз устрицаларын зерттегенде ең бірінші рет ғылымға енгізген еді. Осы атауды тек тірі организмдердің топталып тіршілік ететін түрлеріне, белгілі бір ортаға бейімделуіне, осы ортада көптеген жылдар бойы өмір сүретін осы ортаның абиотикалық факторларына бейімделген түрлердің топтарына қолдануды ұсынған болатын. «Биоценоз» деген атау қазіргі экологиялық әдебиеттерде бір территорияның бөлігіндегі мекендейтін организмдерді айтқанда жиі қолданылып отырады. Мысалы, шырша биоценозы, шөлді жердегі шөптесін биоценозы, бетегелі дала биоценозы немесе егістік биоденозы деп құрлықта бірыңғай орналасқан өсімдіктердің атауына да қолдануға болады. Сонымен бірге біз тек, өскен өсімдіктерді ғана атап отырған жоқпыз, соған қоса осы мекенде тіршілік ететін басқа да тірі организмдерді (жан-жануарларды, микроорганизмді) айтамыз. Осындай атау тіршіліктің мекені су ортасы да аталады, мысалы су жағасындағы құмды немесе батпақты топырақтар биоценозы, абиссать тереңдігі, пелаги биоценозы деп атауға болады. Ал кейбір майда, азғантай бөлікті алып жатқан
биоценоздар да болады (мысалы, ағаштың сабағында немесе жапырақтарында, мүктер алып жатқан батпақтарда, індерде, муравейниктерде, шірінді ағаш сабақтарында, түбірінде), оларда басқа атаулар қолданылады «микротоптар», «биоценоздық группалар», «биоценоздық комплекстер» т. б. Бірақ сонда осындай майда биоценоздар көлемі жағынан үлкен, өте күрделі биоценоздың ішіне кіреді. Мысалы, мүктер мен қыналардың ағаштар сабағындағы топтары осы орман биоценозының бір бөлігі деп қарауға болады. ....
Рефераттар
Толық