Бекзада мен Шопан бала

Ертеде бір өлкенің өте ақылды және ақкөңіл патшасы болыпты. Бұл патшаның жаһанда жалғыз ұлы болыпты. Патша ұлын жанынан да жақсы көріпті.
Бұны білетін сарайдағылар патшаға жағу үшін кішкене бекзаданы мақтай береді екен. Біреулері «жер жүзінде біздің бекзададан асқан әдемі бала жоқ» десе, басқалары «дүниенің ең ақылды баласы» екендігін айтыпты. Енді біреулері оның қабілетін мақтап бітіре алмайды екен. Уақыт өте келе кішкене бекзада айтылғандардың бәріне сене бастапты. Дүниеде өзінен асқан ақылды және қабілетті бала жоқ деп ойлайтын болыпты......
Ертегілер
Толық