Байлығымыз да, бақытымыз да болған Тәуелсіздігіміз

Мәңгілік Ел ұғымы, қасиетті, киелі,
Елжіретіп жаныңды, иітеді жүйені.
Тебіреніп бұл сөзге бабалардың аруағы,
Тереңдегі тарихтың ағытылар тиегі.
Асыл арман жолында қаншама жұрт қан кешкен,
Аждахамен алысып, алпауытпен белдескен.
Өсиетін ойдырып қара тасқа ақыры,
Қара жердің бетінен зым- зия боп мәңгі өшкен, - деп ақын Несіпбек Айтұлы жырлағандай Мәңгілік Ел ата- бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Мәңгілік Ел» деген сөзді естігенде «Өткенге бұрылып басыңды и, ертеңге қарап білегіңді түр» деген ғұламаларымыздың сөзі ойыма оралды.
Жер бетінде тауқыметті көп көрген халықтың бірі- қазақ халқы. Иә, орысқа бодан болған үш ғасырдың ішінде тарихымыз, ар- ожданымыз табанға тапталды. Қолдан жасалған аштыққа душар болдық, зұлматтың құрығына түстік. Өзгенің тарихын өзімізге теліп оқыдық. Қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны, Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені; үш жүздің басын қоса алмай, көшіп- қонған жұртын орнықтырып ел ете алмай Абылайдың қайғы жұтқаны; Бұқар жыраудың жер тіреп күңіренгені; «Еділді келіп алғаны- етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны жағаға қолды салғаны, Әдіра қалғыр, Үш Қиян» деп Мұрат ақынның күйзелгені; «Бас-басына би болған өңкей қиқым, мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?»- деп Абай атамыздың қабырғасы қайысқаны бізге тарихымыздан белгілі емес пе? Ата- бабаларымыздың аңсап кеткен арманы шындыққа айналды. Көгімізде Туымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақтады, Тіліміз өз мәртебесін алды. Бір сөзбен айтсақ тәуелсіздігімізді алдық, ешкімге жалтақтамайтын егеменді ел болдық. Әрине, көп уақыт өте қойған жоқ, не бары жиырма бес жыл.....
Шығармалар
Толық