Тарих | Ауған Кеңес қақтығысы

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты. Ауғанстан соғысы (1979 -1989 ж.) Кеңес үкіметінің Қарулы күштері үшін, соның ішінде қазақстандық жауынгерлер үшін КОКП ОК Саяси бюросының Ю.Андропов, Д.Устинов, А.Громыко, Л.Брежнев сияқты санаулы ғана мүшелерінің аяқ астынан құпия түрде қабылдаған шұғыл шешімінен басталды.
Сол кезде Ауғанстанда билікке таласқан ресми үкімет пен оппозиция (моджахедтер) арасында қарулы қақтығыстар басталған болатын. Күрестің басты мақсаты Ауғанстан жерінде толықтай саяси бақылау жүргізу болды. КСРО Саяси Бюросы КСРО-ның ықпалын кеңейту мақсатында Ауғанстанға қол үшін беріп, сыртқы агрессиядан қорғау керек деген шешімге келеді. Сөйтіп, Ауған елін басқарып отырған шах Хафизулла Аминді алып тас¬тап, орнына Бабрак Кармальді отырғызу туралы идеясын күш көрсету арқылы жүзеге асырды. Осылайша Кеңес Одағының әскерлері ұзақ жылдарға жалғасқан қарулы қақтығыстардың қақ ортасынан бір-ақ шықты. [5,4]
Соғыстың та¬ғы бір себебі - Ауғанстандағы социализм концепциясын жақтаушыларды қолдау болды. Ал аме-рикалық әскери-экономикалық күштер Ауғанстанды КСРО ықпалынан шығарып алуға күш салды. Моджахедтерге АҚШ, НАТО-ға мүше Еуропа елдерінің кейбіреулері, Пәкстан, Қытай, Египет, Иран елдерінің әскери мамандары, арнайы қызметтері көп көмек көрсетті. Кабул үкіметіне қолдау көрсету КСРО бюджетіне оңай түскен жоқ. Деректерге қарағанда, жы¬лына 800 млн АҚШ доллары бөлініп отырған. Ал 40-шы Армияны Ауғанстанда ұстау үшін және тактикалық ұрыстарға Мәскеудегі басшылар жыл сайын 3 млрд долларға шығынданған. 1979 жыл полк Термез өзеніне қалқымалы көпір салуды бастады. Ал түс ауа, яғни Мәскеу уақыты бойынша 15-те, КСРО Қорғаныс министрінің бұйрығымен 108-ші мото-атқыштар дивизиясы және 103-ші әуе-десант дивизиясы Ауған жеріне өтуді бастады. Артынша ауыр техника, ұшақтармен қаруланған 80 мыңдық ауыр қол Ауған жеріне лап қойды... Осылайша 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін, яғни 2238 күнге жалғасқан Ауған жеріндегі қанды қасап басталып кетті ....
Курстық жұмыстар
Толық