Астың бетін ашық тастама

Ертеде бір кейуана болыпты. Ол аяғы ауыр әйелдердің босануына жәрдемдеседі екен. Әйелдер «қолы жеңіл» деп, оның алдына жиі келіпті.
Бір күні түн ортасында есігін біреу қағады. Кейуана есікті ашса, ешкім жоқ. Кемпір «қағыс естіген шығармын» деп, төсегіне қайтып келіп жатады. Бірақ оқиға дәл осылай екі рет қайталанады. Үшінші ретте есік алдында тұрған ақбоз атты кісіні көреді. Түр-тұрпаты бөлек, өзгеше екен. Жақын маңайдың кісілеріне ұқсамайды.
– Бір жас келініміз босана алмай жатыр, соған жәрдем берсеңіз, – дейді ол. Кемпір келісіп, жолға шығады.
– Апа, көзіңізді тарс жұмыңыз, біз белгі бергенше ашпаңыз. Әйтпесе, майып боласыз, – дейді. Кемпір көзін тарс жұмып отырады. Жолда гүрсілдеген, салдырлаған, оқыс дыбыстар шығып, зәресін ұшырады. Бір жерге жеткенде:
– Апа, көзіңізді ашыңыз, – деген дауыс естіледі. Қараса, бір үйге келіпті. Төрде жас келіншек босана алмай қиналып жатыр екен. Кемпір оны аман-есен босандырып алады. Нәрестенің кіндігін кесіп: ......
Кеңестер
Толық