Физика | Астрономиялық бақылаулар және халық даналығы

Астрономия – табиғат жөніндегі ең бір қызықты және тамаша ғылым, ол тек осы күнгіні ғана зерттеп қоймайды, бізді қоршаған мега дүниенің алыс өткенін де зерттейді, сондай - ақ болашақ Ғаламның ғылыми суреттемесін жасауға мүмкіндік береді. Аспан денелерінің температурасы, химиялық құрамы, магниттік өрісі, сондай - ақ олардың қозғалыстары жөніндегі мәліметтер спектрлік бақылаулар арқылы алынады.
Астрономия ежелгі ғылымдардың бірі. Ол адам баласының өмірлік қажеттіліктеріне қарай, басқа ғылымдардың бәрінен бұрын пайда болған.
Ерте кездің өзінде - ақ алыс сапарға саяхатқа шыққан адамдар түнде жұлдыздарға, күндіз Күнге қарап жол таба білген. Астрономиялық бақылаулар бүгінде халық шаруашылығының қатарына: уақытты өлшеу, дәл географиялық карталарды жасау, теңізде, әуеде, ғарыш кеңістігінде аспан шырақтары бойынша бағдар алу жатады. Дегенмен де бүгінде астрономияның мәні бұлармен шектеліп қала алмайды. Ай мен Күн жүйесінің ғаламшарларын зерттеу өзіміздің Жерімізді жақсырақ білуге тудырады. Жер айналасындағы ғарыш кеңістігі мен Жерге жақын маңдағы аспан денелері қазірдің өзінде - ақ адам қызметінің шеңберіне еніп отыр. Болашақта ғарышты игеру адам баласының өмір сүру ортасын кеңейтеді, экологиялық көкейтесті мәселелерді шешуді жеңілдетеді......
Ғылыми жобалар
Толық