География | Америка Құрама Штаттарына жалпы сипаттама

АҚШ аумағы жағынан әлем елдерінің ішінде төртінші орын алады. Ол мыадай үш бөліктен тұрады: 1. негізгі аумағы (немесе АҚШ-тың өзі) – шығыстан батысқа 4,7 мың, ал солтүстіктен оңтүстікке 3 мың шақырымға созылып жатқан үлкен төртбұрыш тәрізді. 2. Аляска: 3. Тынық мұхиттағы Гавая аралдары.
АҚШ ЭГЖ-сі өте қолайлы, ол барлық кезенде де елдің дамуына қолайлы жағдай туғызып отырады. Бұл, ең алдымен, теңіз шекарасының ұзындығымен (12 мың км), тамаша табиғи айлақтарының болуымен және негізгі аумағы екі мұхитын ортасында болуы айырықша ерекшелігімен түсіндіріледі. Канада және Мексикамен шектеседі құрлықтағы шекаралары шартты сызықтар, өзендер мен көлдер арқылы өтіп, сауда және экономикалық байланыстардың дамуына қолайлы жағдай туғызады.
АҚШ мемлекеттік құрылысы жағынан – 50 штаттан тұратын федеративтік Республика. Әрбір штаттың өз конституциясы, өз заң шығару және атқару үкімет органдары, губернаторды сайлап қою билігі, сондай ақ өз рәміздері бар. Бұдан басқа, елдің астанасы - Вашингтон орналасқан Колумбия Федералдық округы өзінше ерекшеленеді.
Елдің саяси өмірінде басты рөлді 2 ірі партия – демократиялық және республикалық партиялар атқарады.

Халқы: саны, өз қарқыны, сыртқы миграция, ұлттық құрамы, орналасуы. АҚШ халқының саны жағынан дүниежүжінде үшінші орынға иеленеді; ГФР, Франция, Ұлыбритания және Италия халқын қосып есептегенде де АҚШ-тың халқының санына жетпейді. Бұл ғана ХХ ғасырдың ішінде халқының саны 3,5 есе өсті.
Алайда, АҚШ жас ұлт ретіндегі халқының табиғи өсуі бойынша дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде тұрғын кезі баяғыдан өтіп кетті. 80-90 - жылдары мұндай өсім айтарлықтай төмендеп кетті, ол халықтың жасы мен жынысын сипаттайтын пирамидада айқын көрініс тапқан. Бұл АҚШ тіпті демографиялық өтпелі кезеңнің үшінші статысында тұрғанын аңғартады. Осыған қарамастан, халқының абсалюттік жылдық өсімі қазірдің өзінде 2- 2,5 млн. адамды құрайды.
Алайда, мынаны есте сақтау қажет, бұл өсімнің 30% - ын халықтың табиғи өсімі емес, иммиграция қамтамасызетіп отыр. Бұл АҚШ халқының санының өсуіне әр кезде-ақ үлкен әсер еткен және әсер етіп келеді.....
Рефераттар
Толық