Алматы - Оңтүстік Астана

Алматы – Алатаудың баурайында орналасқан, көшелері жасыл жапырақты биік ағаштармен безендірілген, зәулім ғимараттары көп, сәнді қала. 1997 жылдың 16 желтоқсанына дейін Алматы Республикамыздың астанасы болды, қазір оны халық оңтүстік астана дейді. Алматы – Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Ғылыми, білім беру, мәдени, тарихи, экономикалық, қаржылық, банктік және елдің индустриялық орталығы болып табылады. Қаланың аты, Алматы, «алма қаласы» деп аударылады. Алматы – республикадағы ең көрікті қала. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері бар. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен көзге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазақстанның Ғылым академиясының және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, «Қазақстан», «Отырар», «Рахат-Палас», «Анкара», «Достық» қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып салынған ғимараттар бой көтерді. Қазіргі таңда Алматы қаласында 18 театр, 45 мұражай мен сурет галереясы бар. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы, Орталық Азия географиялық қоғамы, «Каменское плато» обсерваториясы, сондай-ақ көптеген жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары бар.

Мәтіндер
Толық

Күләш Ахметова (Алматы)

Жайнаған гүлдей жамалы бөлек кентімсің,
көктемнің нұры көркіңді сенің келтірсін.
Ғимараттарымен кеңейіп қанат сермеген
Қазақстанымның еркесіндейсің, еркінсің.
Шаһарым менің, шаттығым, әнім, шәрбатым,......
Өлеңдер
Толық

Месяц рамадан 2017. Расписание уразы и время намазов на 2017 г. хиджри 1438

Толық

Сыртқа ілсең жарнама, ана тілін қорлама!

Бүгінде қала көшелеріндегі қате жарнамалардан көз сүрінеді. Мағынасыз аудармалар, әріптік қателер мен оңды-солды қойылған тыныс белгілері. Тіл мамандары көрнекі ақпараттардың сауатсыздығын айтып, дабыл қаққанымен, жарнамадағы қателер азаяр емес.
Алматы қаласының тұрғыны ретінде ономастика туралы заңның талаптарына сай келмейтін, орфографиялық қателіктер жіберген түрлі жарнама билбордтарын күніне бірнешеуін көремін. Басым көпшілігінде жарнаманың қазақ тіліндегі нұсқасында қателіктер жиі кетіп жатады. Ономастика бойынша жаңа заңға жүгінсек, жарнамадағы....
kz
Толық

Алматылық бойжеткен халал жезөкшеліктен қалай қашып құтылғанын айтып берді

Алматы қаласының 30 жастағы тұрғыны халал жезөкшеліктен қашып құтылып, қазір психологиялық қолдау орталығын паналап жүр деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Бұл туралы «Родник» қоғамдық қорының директоры Нина Балабаева айтып берді.
Жаңалықтар
Толық