Экономика | Аймақтық экономикалық стратегиялық жоспарлауды жетілдіру жолдары

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Біздің бүгінгі міндетіміз – қазіргі бар бағдарламалардың аясын кеңейту. Осы мақсатқа қосымша 8,6 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Сонда біз 96 мыңға жуық адамды жұмыспен қамта¬масыз етеміз. Осымен бір мезгілде біз Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан жұмыссыздығы бойынша жәрдемақы төлеудің барынша ұзақ мерзімін 4-тен 6 айға дейін ұлғайтуға тиіспіз. Әлемдік дағдарыс жағдайында біздің жұмыспен қамту стратегиямыз кадрлар¬ды қайта үйрету және қайта даярлау жөніндегі толық ауқымды жұмысқа бағытталған» деп айта кетті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық