География | Азияның көлдеріне физикалық географиялық сипаттама

Азияда көл көп. Ең ірілері Каспий мен Арал теңіздері. Тектоникалық ойыстарда Байкал, Зайсан, Ыстық көл, Өлі теңіз, Алтын көл, Хубсугул, Куконур көлдері орналасқан. Биік таулы аймақтарда мұздық әрекетінен пайда болған ұсақ көлдер бар. Жанартау әрекетіне байлланысты көлдер Камчаткада және Тынық мұхиты жағалауындағы аралдарда тараған.
Жұмыстың мақсаты - Азияның көлдерінің физикалық - географиялық жағдайын анықтап, олардың экологиялық жағдайын айқындау. Таңдаған тақырып бойынша Каспий теңізіне барлық жағынан сипаттама беру.
Жұмыстың міндеті - бұл тақырыптың мәнін толық ашу, оны жіктеп, жіліктеп, тыңдармандарға маңызын жеткізу. Сондай-ақ оларға өзіндік баға беру, жұмыстың алға қойған міндетін қорытындылау.
Жұмыстың өзектілігі - Бұл тақырыптың өзегі болып табылатын көлдердің орналасуына баса назар аударып айтар болсақ әрине көп - ақ . Азияның көлдерінің ерекшелігі және осыған байланысты экологиялық жағдайы алуан түрлі және әр қилы болып келеді. Азияның көлдері таулар мен қыраттар арасындағы ойыстарда орналасқан көлдерден және құрғақ аймақтардағы тұзды көлдерден тұрады. Мұнда вулкандық көлдер де орын алады.
Осы курстық жұмысты жазу барысында мен Т.В. Власованың «Материктердің физикалық географиясы», 1984 ж басылымын, Рябчековтың «матерйктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» 1988 ж шығармасын, А.Г. Қасымовтың «Каспий теңізі» 1987 ж шығармасын ....
Курстық жұмыстар
Толық