Адамзат құқығы мен бостандығы – ең қымбат құндылық!

Әр заманның өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім өз құқына таласу, құқына тартысу болады.
Әлихан Бөкейхан

Тіршілік нышаны айқын, парасат кемелдігіне қол жеткізген, құндақталған сәби болмысынан бастап еркіндік жазуы маңдайына таңбаланған адамзат баласының телегей теңіз көңілін шайқап, тарихи таңбасына дақ түсірер; бар арман-мұратын мансұқ етіп, өмірлік мақсат-міндетіне күл шашатын кезеңдер тарихи-баян, яғни, қышқа қашалып, тасқа таңбаланған өткенімізде аз болмапты. Зобалаң мен зорлықта жүріп, бұлыңғыр мен буалдыр кезеңдерді өткеріппіз. Тұтас қарға тамырлы қазақ емес, бар әлем. Бір балаң емес, бар қоғам басыбайлылықтың қамытын киіпті. Айғақтаушы – тарих, арылтушы – ата заң есебінде... Абай атам айтқандай, келер заманың – көк тұман, шұғыла-жарығың көмескі. Адам тағдырының шерін бар әлем жырлап жатқанда, біздің дала ерекше күңіреніпті... олай болмасқа себеп те жоқ екен. Себебі, орын алған кез келген тарихи трагедияның ұстыны – адам тағдыры, тұлға құқығы және жеке бас еркінің бұзылмайтын бостандығы түсінігінде жүрген. Келіспеушілік пен келеңсіздіктер де осы тараптарда тарих таразысында әділетсіз әрі аяусыз өлшеніпті.........
Шығармалар
Толық