Технология | Автокөліктермен жүк тасымалдау процессін тиімді ұйымдастыру

Дүние жүзіндегі экономикасы дамыған елдердің іс тәжірибелері көрсетіп отырғандай, ел ішіндегі жүк тасымалдау және жол қатынастарының даму деңгейімен ел экономикасының көрсеткіштері біріне бірі сәйкес. Бұл елдерде барлық жүк тасымалдау жұмыстары белгілі бір мемлекеттік деңгейде реттелініп, қадағаланып отырылады.
Өйткені қандай да болмасын өнеркәсіп бұйымдарын шығаруда немесе өндіріп сатуда тасымалдауға сол бұйымның жиырма пайыздан астам, кейде елу пайызға дейін құны өседі, сол себепті мемлекет әртүрлі амалдармен, арнаулы бағдарламалар арқылы жүк тасымалдаушыларға жеңілдіктер жасап, өндіріс бұйымдарының бағасына әсер етіп отырады.
Автокөлік тасымалдарын ұйымдастыру кез келген автокөлік кәсіпорны жұмысының маңызды және негізгі міндеті болып табылады. Көліктегі өндірістік процесті ықшамды ұйымдастыру уақыт және қаржы шығындарын азайтуға, жылжымалы құрам өнімділігін жоғарылатуға, тасымалдардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Экономикалық көрсеткіштерді есептемегенде, автокөлік кәсіпорынының экономикалық жағдайына едәуір әсер ететін ұжымның жұмыс шарттарын жетілдіру, автокөліктің қоршаған ортаға зиянды әсерінің дәрежесін төмендету сияқты мәселелерге назар аудармаса болмайды [1.2].
Автокөлікпен тасымалдау жылжымалы құрамның жағдайын, көліктік процесті ұйымдастыруды және жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер негізінде жалпы кәсіпорынның әр автомобильдің жұмысын жеке бағалау мүмкіндігін береді.
Барлық уақыттарда сауда мен көлік дамуы кез келген мемлекеттің тез дамуына әсер ететін факторлар болып табылған. Нарықтық экономикаға көшу шарттарында көліктің тасымалдау, соның ішінде автомобиль көлігіне байланысты мемлекеттік саясат төмендегі басымдылықтарды ескере отырып жүргізілуі тиіс:
- көлік шығындарын азайту;
- қозғалыс қауіпсіздігі;
- экологиялық қауіпсіздік;
- ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту;
Көліктің негізгі міндеті – бұл жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудағы тұтынушының қажеттіліктерін уақытылы және сапалы өтеу. Ал автокөліктің жүктерді тасымалдау жылдамдығын арттырып және «есіктен-есікке» жеткізу мүмкіндігі бар.
Көлік қандайда бір мемлекет болмасын оның экономикасында өте маңызды орын алады. Көліктік жүйе мемлекеттің денесіндегі қан жүрер тамырлары іспетті, оның дамуынан, ұйымдастыру деңгейінен, сол мемлекеттің жүк айналымы, жолаушылар тасымалдау қабілеттілігін анықтайды. Дүние жүзіндегі дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырған, ел экономикасының дамуына бірден – бір себепші болатын осы көліктік жүйе. Сол себептен елімізде үлкен мән беріліп, экономиканың көлік жүйесінің дамуына арнаулы бағдарлама қабылданып, бірнеше миллиардтаған қаржы бөлініп отыр [2.3].
Мемлекеттің көлік жүйесінің дамуы – оның технологиялық процессінің және цивилизациясының маңызды белгілерінің бірі. Жоғары дамыған көлік жүйесіне деген сұраныс европалық және әлемдік экономикаға бет бұрған сайын одан да күштірек қарқын алуда, көлік жүйесі Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа тиімді кіруі үшін және жоғары дамыған мемлекет ретінде орын алуы үшін негіз болады.
Осыған сәйкес Қазақстан республикасының көлік коммуникациясының жағдайы европа интеграциясының талаптарына жауап беруі керек. Қазақстан республикасының көлік жүйесінің интеграциясы көрсеткіші болып жұмыс істеп тұрған көлік желілерін тиімді қолдану және олардың географиялық орналасуы мен коммуникациялық мүмкіндіктерінің артықшылықтарын жүзеге асыру болып табылады. ....
Рефераттар
Толық