Экономика | АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Акционерлік қоғамнан біз коммерциялық ұғым түсінеміз,жарғылық капитал негізінен нақты бір акция санына тең,қоғамға қатысушылар,қоғамға қатысты міндеттемелік құқықтарын куәландырады. Акционерлер қоғам міндеттемесіне жауап бермейді және өз қызметіне байланысты тоқырау тәуекелін өз мойнына алады.
Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады,өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушылары бойынша жауап бермейді.Құрылтайшылар акционерлік қоғамның міндеттемелері бойынша қоғамның жарғылық қорына салынған салымның толық төлемеген жағдайда олар салығының төленбеген бөлігі шегінде ортақ жауап береді.
Акционерлік қоғам – заңды тұлға және өзінің жеке мүлкінің еркін балансын есептей отырып жеке мүліктік емес және мүлікті өз атынан жүзеге асыруға қажет әр-түрлі қызметтің түрлері бойынша азаматтық құқық пен міндеттеме алуға болады. .[1]
Акционерлік қоғам қызметі бағалы қағаздар мен акцияның іс-әрекеті нәтижесінде пайда алуға бағытталған 2005 жылға дейін акционерлік қоғам – жабық және ашық болып бөлінеді.
Қатысушылары - өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімісіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам(ААҚ) болып табылған. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқықтары болған еді.
Акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын – ала белгілденген өзге адамдар арасында таратылатын акционерлік қоғамды Жабық акционерлік қоғам(ЖАҚ) болып табылған. Жабық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ. ....
Рефераттар
Толық