География | Іле Алатауының физикалық-географиялық жағдайы

Іле Алатауында өсетін өсімдіктердіңарасында біраз түрлері улы өсімдіктерге жатады. Олардың ішінде өзінің улылық қасиеттерімен зияндылығы адамдарға, үй жануарларына, құстарға әсер етіп уландыратыны бұрыннан белгілі. Улы өсімдіктердің улылығы оның құрамындағы алколойдты заттардың мөлшеріне байланысты. Соңғы жылдары улы өсімдіктердіңуы медицинада емдік дәрі-дәрмек жасауға, ауруды емдеуге көп пайдалануда, сондықтан улы өсімдіктерге көп көңіл бөліне бастады. Шығыста бұрыннан-ақ улы өсімдіктерді халық медицинасында көп пайдаланған, олардан дәрі-дәрмек жасалынған. Бұл милиондаған жылдар бойы бірінен-біріне беріліп отырған, улы өсімдіктерді біреуінің сабағын, екіншісінің жеміс, үшіншісінің тұқымын, кейбіреулерінің тамырын пайдаланған. Олар тамаққа қоспа ретінде, кейде уланған кезде, жүйке жұқарғанда пайдаланған. Кейбір жағдайларда шығында болған. Ондай өсімдіктер улы-деп аталып есте сақталған. Улы өсімдіктерді емдік жолға пайдаланумен қатар қастандық іс-әрекеттерде де пайдалану іске асырылған.Улы өсімдіктердіңпайдалы жақтары күннен-күнге анықталып көбеюде. Бірақ әліде улы өсімдіктердік көптеген түрлері әлі толық анықталған жоқ. Олардың пайдалы түрлері зерттеуде өсімдіктердің инсектицитті қасиеттері бар түрлері қазіргі кезде 1000 асады. (35) Көптеген басқада мемлекеттерде улы өсімдіктердің түрлерін зерттеу әліде жалғастырылуда.
1960 жылдардан бастап Құрама штаттағы ұлттық рақ институтында 29 мың өсімдік түрлеріне 103 мың экстракттар алынған. Соның 3 мыңы ісік ауруларына және басқада ауруларға қарсы пайдаланған. ТМД елдерінде де осындай жұмыстар дәрігерлік институттарда жүргізілуде. ....
Курстық жұмыстар
Толық