«Наурыз келді!» Темірхан Медетбек (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.
Сабақ тақырыбы: «Наурыз келді!» Темірхан Медетбек
Оқу мақсаты: 3.1.5.1. өз ойы мен сезімін көркем- бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
3.1.4.2. сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: өлеңді түсініп оқиды, өлең мазмұнына сәйкес сурет бойынша әңгіме құрап айтады, мультфильмнен нақты ақпаратты тауып, кестеге түсіреді.
Көптеген оқушылар: өлең мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап беруде көркем- бейнелі сөздерді орынды қолданады, мультфильмнен нақты ақпаратты тауып, кестеге түсіреді.
Кейбір оқушылар: өз ойын білдіруде, сурет бойынша әңгіме құрауда, ақпаратты анықтап, кесте толтыруда көркем- бейнелі сөздерді орынды қолданады. ......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық