37-сабақ Дыбыстардың үндесуі (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 37-сабақ Дыбыстардың үндесу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл);
3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мәтіннің тақырыбын қоя алады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- сөзде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айта алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
- мәтіннің тақырыбын табады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
- қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айта алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- мәтіннің тақырыбын табады, өз бетінше негізгі ойды
анықтай алады;
- сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтай отырып айта алады:
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу,үзбей және біркелкі шапшаң жазады...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық