Қазақстан Республикасы мен Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сыяды. Жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 9-орында, ал ТМД елдері бойынша 2-орында. Қазақстан 5 мемлекетпен көршілес орналасқан, олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан. Қазақстанда 14 облыс, 85 ірі қала бар. Қазақстан Республикасы – өте бай мемлекет. Қазақстанда алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай, яғни, бір сөзбен айтқанда, Менделеев кестесіндегі 150 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000- нан астам пайдалы қазба бар. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Әрбір ұлттың өз салт-дәстүрлерін сақтауға толық құқықтары бар. Қазақстан халқының татулығына дүние жүзі таңғалып отыр. 36 Астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ұлттық валютасы – теңге. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алды. 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. 1991 жылы Қазақстан халқы өзінің Тұңғыш Президентін сайлады.

Мәтіндер
Толық

Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»
Мақсаты:
1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттар
Толық

Қазақ елінің әскери рәміздері

Қазақ... Осы сөздің әрбір қазақ елінде тұратын адамға ерекше бір рух берері сөзсіз. Қазақ – намысы мен абыройын, елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін барлық қасиеттерден жоғары қоя білген, ерекше халық. Қазақ халқының бүгінгі кешіп отырған бейбіт өміріне қол жеткізудегі көрген қиянаттары мен қиыншылықтарын сөзбен айтып жеткізуге болмасы анық. Еліміздің шаңырағы биікке көтеріліп, керегесінің нығаюы ата – бабаларымыздың талай ғасырлар бойғы төккен қанды тері мен жасының арқасында екенін келер ұрпақ, яғни біздер ұмытпауымыз керек деп білемін. Жылдар, тіпті ғасырлар....
Шығармалар
Толық

Рәміз, Елтаңба, Ту, Әнұран

Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы.

Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды

Тақпақтар
Толық

6 Шілде - Астана күні (Бәйтерек)

Сабақтың тақырыбы: «Бәйтерек»
Саласы: «Тіл дамыту»
Бөлімі: «Жапсыру»
Мақсаты:
1. Елбасымыз – Н. Ә. Назарбаев туралы түсініктерін кеңейте отырып, Елордамыз – Астана қаласы және Бәйтерек туралы мағлұмат беру.
2. Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Шығармашылыққа жұмысты ретімен атқара білуге баулу, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыптық мазмұнды суреттер, дайын аппликация үлгілері, желім, ақ қағаздар.
Методикалық әдістер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап. Раунд - Робин.
Тәрбие сағаттар
Толық

4 Маусым - Рәміздер күні

Рәміздерім-елдігімнің белгісі,
Білу керек-бала-дағы ең кіші.
Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Тақпақтар
Толық