Тауық жұмыртқасы және оның пайдасы

Жұмыртқа - тағам есебінде пайдаланылатын құстардың сопақ қабығы бар жыныстық клеткасы. Қабығы аршылған тауық жұмыртқасының химиялық құрамы: 73, 6% судан, 12, 8 % ақуыздан, 11, 5 % майлардан, 0, 7 % кемірсулардан, минералдық заттардан тұрады. Жұмыртқада адам ағзасына қажетті, тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жинағы бар. Жұмыртқа емдәмдік тағамдар қатарына жатады. Энергетикалық құндылығы 157ккал.
Сауда орындарына негізінен тауық жұмыртқасы түседі. Суда жүзетін құстар жұмыртқалары балғын күйінде пайдаланылмайды, себебі олардың қабықтарының сыртында инфекциялық аурулар тарататын микроорганизмдер болуы мүмкін.
Жұмыртқалар өлшемдері мен массасы құстың түріне, жасына байланысты әр түрлі болады. Тауық жұмыртқаларының массалары 45 - 76 г, үйректікі – 75 - 100 г, күрке тауықтікі – 80 - 100г, қаздікі – 160 - 200 г болады.
Жұмыртқаның қатты қабығы ішіндегі ылғалдың ұшпауына қажет және жұмыртқаны сыртқы орта әсерінен қорғайды. Қатты қабық өте майда қуыстардан тұрады, олар әсіресе жұмыртқаның доғал жағында көп болады. Осы қуыстар арқылы жұмыртқа ішінен ылғал сыртқа шығады, микроағзалар кіреді және ауа алмасу процесі өтеді. Қатты қабық астында жұмсақ үлдір қабаты бар. Көп сақталған жұмыртқадан сыртқа ылғал буланады да, ақуыз бен жұмсақ мөлдір қабат арасында қуыс пайда болады. Жұмыртқа ақуызы сыртқы, ішкі сұйық қабаттардан және ортадағы тығыз қабаттан тұрады. Тығыз ақуыз мөлшері жұмыртқаның балғындығын көрсетеді. Жұмыртқа ортасында сарыуыз болады....
Ғылыми жобалар
Толық

Ынтымағы жарасқан Ақмаяға 80 жыл

Кіріспе
Мен, Ақмая ауылында туып өстім. Осы ауылдағы Ақмая орта мектебінің 4 «Б» - сыныбында оқимын. Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім қажет деп ойлаймын.. Бұл менің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамым. Ауыл – ата - бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекені. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы. Ауыл қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған батыр - бабаларымыз қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәңгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ғана ұлттық пердесін сақтай алады деп ойлаймыз.
Керемет ақын Мұқағали Мақатаев:
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды. – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосады. Міне осындай туған жерге деген менің ауылым жайлы тереңірек білуге баулыды. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Қоғамға керек мамандық

Дінтану оқыту әдістемесі тұлғаның рухани болмысын жетілдіруге және мәдениетін қалыптастыруға, руханият жетістіктерін жан - жақты түсінуге, діни ілімдерді зерделеп, талдауға үйретумен қатар, жат діни ағымдарға сыни көзқарас қалыптастыру, басқаның мәдениетіне түсіністікпен қарауға, кешірімділік, діни толеранттылық дін аралық келісім ұстанымдарын сыйлауға тәрбиелеуі тиіс.

Дінтану білім беруді ізгілендіру үдерісінде өзіндік рөл атқарады. Діни мәдениет пен шынайы руханилық бұл маңызды гуманистік құндылық. Бүгінгі өмір дінтану пәнінің оқытушысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Дінтану пәнінің оқытушысы ақыл - парасатымен, жеке мәдениетімен, рухани дүниесінің байлығымен, шығармашылық әлеуетімен, жауапкершілік сезімімен даралануы тиіс. Дінтану пәнінің ұстазы өзінің наным - сенімін және дінге қатысты көзқарасын оқушыларға танбауы тиіс. Әрбір дін өзінің тарихы және ілімі тұрғысынан берілуі тиіс. Оқытушының дінге көзқарасы оқыту барысында бейтарап болуы тиіс. Дінтану пәні жастарымыздың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, әдептілік, ибалылық, төзімділік сынды қасиеттерді артып, олардың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды толыққанды түсініп, зайырлы мәдениетті өмірлік жолдарында ұстануына септігін тигізеді деп ойлаймын......
Ғылыми жобалар
Толық

Менің мысығым

Аннотация
«Менің мысығым» тақырыбына жазылған бұл ғылыми жобамда өзімнің екі сүйікті Аққоян деген мысығымды зерттедім. Мысығымды бақылай отырып оның қандай пайдасы барын, мысық арқылы ауа - райын болжауға болатынын т. б зерттеп білдім. Мысығымды үнемі бақылай отырып ол өте ақылды, саналы тіршілік иесі екенін білдім. Мысығым өте сүйкімді. Осы зерттеу жұмысымда интернет желісінен мысыққа байланысты көптеген қызықты мәліметтер жайында біле алдым. Мысықтың түрлері, мысық тұқымдас аңдар жайында таныстым. Бір жеті уақыт ішінде мысығымды бұрынғыдан да қатты жақсы көріп кеттім. Ол тек тышқан аулаушы ғана емес, адамдардың жан серігі, емшісі екеніне де көзім жетті......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Кеңес Одағының батыры Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнес батырлық тұлғасы

Міндеттері:
1. Рақымжан Тоқатаев жайындағы ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.
2. Ұлы Отан соғысы кезінде жеңіске қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың бірі Рақымжан Тоқатаевтың өшпес ерліктерін жаңғырту.
3. Халқымыздың біртуар азаматы жайында жан – жақты зерттеп, тарихқа беймәлім жақтарын ашу.

Өзектілігі: Рақымжан Тоқатаев – ғасырлар өтсе де, заман өзгерсе де өзі өмір сүрген заманы мен өмірінде еңбек етуден тынбаған, сол арқылы халыққа қызмет етуден жалықпаған бірден - бір тұлға екендігі жан - жақты дәлелдемелер арқылы ашылды. Оның кейінгі ұрпаққа қалдырған ізгі істері өз күшін жойған жоқ. Сондықтан, Рақымжан атамыздың ісін үлгі ету, сол арқылы адамгершілік рухы жоғары жас ұрпақты тәрбиелеу.

Болжамы: Рақымжан Тоқатаевтың ерліктерін зерттей отырып, оның өз заманында қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келесі таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады......
Ғылыми жобалар
Толық

Достық адамның айнымас серігі

Зерттеу өзектілігі. Әр адамға өмірде бір - бірімен араласуы адамдарға үлкен әсер етіп, маңызды роль атқарады. Адамгершілік, адамшылық, достықта жоғары бағаланады. Ешқашан достыққа нақты баға берілмейді, қанша адам болса сонша пікір, ойлар бар сондықтан әркім достықты өз қалауынша түсінеді
Біздің сынып өте тату, анам сенің досың сыныптастарының арасында барма деп сұрады, мен көп құрбым бар деп жауап бердім. Ал соның ішінде ең жақын досың кім деген кезде мені бұл сұрақ таң қалдырды көп дос болуы мүмкін, бірақ ең жақын досын бірнешеу ғана болуы керек деген жауапқа ойланып қалдым. Сонымен нағыз дос деген не мағына береді. Достық балалық шақтан басталады, өмір бойы жалғасады. Достықты сатып ала алмайсың, не оны ұстап, не көре алуға болмайды. Барлық адамдарда жолдас көп, біреулерде дос болса, біреулерде мүлдем жоқ. Барлық адам өзін қоршаған ортада ұстай білу керек.
Зерттеу жұмысында достықты қалай түсіндіріледі және қалай пайда болатындығын анықтадым
Достық адамның қызығушылығынан туып, бір - біріме көмектесуге, қайғы мен қуанышты бөлісуге, көмек керек кезде бір - біріне көмектеседі. Бұл тақырып бастауыш сыныпта ең өзекті мәселе......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Оқшы ата киелілер ордасы

Оқшы ата - киелілер ордасы
Қойнауы құпияға толы Сыр өңірінде көненің көзі де, бүгіннің өзі де бар. Қасиетті Сыр топырағы бүкіләлемдік тарихта өзіндік орны бар өлке. Ата - бабамыздың ежелден кіндік қаны тамып, ұрпағын өрбіткен киелі мекенінде бүгінгі кезеңде жадыңнан өшпейтін асылдың сынағындай небір мұраларымыз бар. Ежелгі өркениеттің белгісі ретінде сыры кетсе де сыны кетпеген ғажайып тарихи ескерткіштер мен мазарлар соның куәсі. Осындай тарихи мұраларды қорғау - халқымыздың сан мың ғасыр бастан кешкен тарихын, мәдениетін, өнерін, салтын, тілін қорғау деген сөз.
Осы бағытта тарихи - археологиялық және сәулеттік ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, сондай - ақ жұртшылыққа олардың құндылығы мен маңызын таныту, жас ұрпақ тәрбиесіндегі алар орнын арттыру жөнінде біршама іс - шаралар жүргізіліп отыр. Міне, осындай мұрағаттардың бірі - Оқшы Ата мазары, ал тарихи мәліметтерге сүйенсек, ол оғыз - қыпшақ заманының жәдігері болып табылады. Кезінде ұланғайыр іс тындырып, тіршілікке тұтқа бола біліп, кейінгі ұрпаққа ұлағатты үлгі еткен ұлы бабалардың аманатына адалдықты сақтау адамдық та, азаматтық та асыл парызымыз......
Ғылыми жобалар
Толық

География | Су тіршілік көзі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Кейбір адамдар қоршаған табиғатты танып білуі, оны қорғауы төмен деңгейде, оны пайдаланады, бірақ қорғамайды, суды ластаудан жұқпалы ауру тарайтынын түсіне бермейді.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеті:
Ғылыми жобаның басты мақсаты – судың адам өмірі үшін маңызы мен қажеттілігі, пайдасы туралы түсінік бере отырып, суды үнемдеуге, қорғауға үйрету. «Сусыз тіршілік жоқ» ұғымын практикалық жұмыстар арқылы дәлелдеу.
Мақсатқа жету жолында төмендегі міндеттерді шешуді алға қойдық:
► Өздігінен әдеби кітаптарды ақтарып іздену.
► Осы жобаны іске асыру, тәжірибеге енгізудің міндеттерін белгілеу.
► Суды қорғау – баршамыздың парызымыз.

Ғылыми жобаның нысаны ретінде журналдар, түрлі әдебиеттер, фотолар, энциклопедия, қосымша оқулықтар, интернет желісінен алынды.
Тақырыптың теориялық және практикалық маңызы:
Жобаның негізгі тұжырымдамаларын, арнайы сабақтарда, сыныптан тыс сабақтарда тақырыпқа сәйкес пайдалануға болады.
Жобаның құрылымы:
Ғылыми жоба кіріспеден, қорытынды мен үш тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жобаның құндылығы: дүниетану сабағында пайдалануға болады.
Жобаның ұсыну формасы: зерттеушілік.
Жобаның нысаны: экологиялық жағдай. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Аймақтағы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу

Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кенті Абай атындағы мектеп - гимназияның 10 - сынып оқушысы Смагулова Самалдың «Аймақтағы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу» атты ғылыми жобасына
Кіріспе
Адам баласының кез - келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе - теңдікке қауіп - қатер тудырады. Көң үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп - шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, олардың нақты жиналған көлемін азайтпайды. Олар үнемі арамызда болғандықтан тұрғындардың денсаулығы мен өміріне едәуір қауіп төндіреді. Елді мекендерде тұрмыстық қалдықтар үшін сынақ алаңдарының жоқтығы немесе олардың экологиялық, санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сай болмауынан барлық жерде кездейсоқ қоқыстардың пайда болуына әкелуде. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Мені қызықтырған Әлем

І. Кіріспе
Әлем, - басқаша ғалам. Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүние. Ғаламды (араб сөзінен) зерттеумен тікелей шұғылданатын ғылым – астрономия. Ал барлық ғылыми білімге негізделген ғалам жөніндегі пайымдаулар космологияның мәселесі болып есептеледі.
Ғаламның шексіздігі туралы алғашқы пікір біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырда өмір сүрген ежелгі дәуірдегі грек ғалымы Гераклиттің (біздің заманымыздан бұрынғы V ғасыр) еңбектерінде кездеседі. Гераклиттің көзқарасын Демокрит, Эпикур және Лукреций одан әрі дамытып, кейінгі дәуірлерде Жердің шар тәрізді екенін және аспан шырақтарының бір - бірінен алшақтылығын анықтауға байланысты зерттеулер(Пифагор, Аристотель, Эратосфен) жүргізілді. Бірақ шіркеу мен дін үстем болған дәуірде мұндай озық ойлар қолдау таппай, тек Қайта өркендеу дәуірінде Николай Коперниктің «Аспан сферасының айналысы туралы» атты кітабы космогонияда ғылыми зерттеуге жол ашты. Біз мекендеген Жер де, басқа планеталар, құйрықты жұлдыздар мен метеорлық денелер тәрізді, Күн жүйесінің құрамына енеді. Күн жүйесінің диаметрі он миллиард километрдей. Галактиканың диаметрі шамамен 30 мың пк - ке (шамамен 100 мың жарық жылы) жуық. Кейінірек ғалам кеңістігінде біздің Галактика тәріздес миллиондаған басқа да галактикалардың бар екендігі анықталды. Зерттелген галактикалар жиыны Метагалактика деп аталады......
Ғылыми жобалар
Толық