Менің көшем

Білім беру саласы: Шығармашылық
Тобы: Ересек топ
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Бейнелеу өнері
Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»
Тақырыбы: Менің көшем
Мақсаты:
Білімділік: Қала, көше жайлы түсінік беру. Көшедегі ережелерді айтып, түсіндіру.
Дамытушылық: Көшеде не бар екенін айта алуға, көшенің қандай екенін сипаттауға үйрету.
Тәрбиелік: Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті – құрал жабдықтар: Қағаз, қарындаштар, бояу, қылқалам
Әдіс-тәсілдер: Сұраққа жауап беру,ойын,түсіндіру,берілген тапсырманы шешу, мақтау, мадақтау, шығармашылық тапсырма
Қостілділік компонент: Көше-улица- street.
Көрнекі құралдар: Үлгі суреттер, көшедегі үйлердің суреттері.

Іс-әрекет кезеңдері Мұғалім әрекеті Бала әрекеті
Мотивациялық – қызығушылық
Сәлеметсіңдерме балалар?! Көңіл-күйлерің қалай?
Сендерді шаттық шеңберіне шақырамын

Ұйымдастыру-ізденушілік
Өздері тұратын көшелері жайлы әңгімелесу.
 Балалар біз қай қалада өмір сүріп жатырмыз?
-сендер өз көшелерің қалай аталады?
-Кімнің құрметіне бұлай аталған?
-Бұл көшедегі әдемі үйлерді кім салады екен?
Жұмбақ.
Ұзын-ұзын,ұзын жіп
Ұшына шыққан жан бар ма?
Ақырын басқан жан бар ма,
Ұшына шықпас жалғанда (Жол)
Жұмбақ мағынасы түсіндіріледі.



Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды
пайдаланып, көрсеткен үлгімен,көшені бейнелейді,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.
Сергіту сәті.
Балалармен бірге бой жазу жаттығуын жасау. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық