Жері байдың елі бай

Қойнауы мол кенге тұнған,
Кең жайлауы малға толған.
Жерұйықтай жері жайсаң,
Жаны – жомарт, елі – дарқан,

- деп ақын жыр жолдарын арнаған Қазақстан Еуразияның орталығында орналасқан.

Қазақстан даласы өте әсем. Ұшы-қиыры жоқ шексіз даланы неше алуан шөп басып, үлбіреген нәп-нәзік гүлдер бейне бір жасыл дастарқандай болып жайылады. Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария.....
Шығармалар
Толық

Оралхан Бөкей (Қар қызы)

"Алтай өңіріне алпыс жылдан бері дәл осындай қалың қар жауғанын көрген жоқпыз", – деседі қариялар.

Расында да, бас көтертпей жауғаны соншама, есіктің алды, қораның маңындағы қарды тазалап үлгере алмайсың, Ауыл-үйдің арасына күреп жалғыз аяқ жол салудың өзі азабы мол жұмыс. Кейбір салақ кісілердің бел ағашы борсыған мал қамайтын қоралары сыр беріп алды – топ етіп төбесі ойылып түсіп жатыр. Күннің көзі жылт етіп ашыла қалса, аппақ қардың астында бүк түсіп, қаздың жұмыртқасыңдай томпайып-томпайып тілсіз жатқан үйлерді, сол үйлердің қар.....
Әңгімелер
Толық

Оралхан Бөкей (Апамның астауы)

Ол кезде мен бала едім, Апам жастау еді. Әке-шешеміз қиыр жайлап, шет қонып мал соңында жүретін де, айында-жылында ғана болмаса, бет-жүзін үнемі көре бермейтінбіз. Соғыстан кейінгі жылдарда есін жиып, езілген еңсесі көтеріле бастаған елдің берекелі де бейбіт тірлігі жар жағасында отырған жалғыз үй - әрине, бізге де ортақ. Қос бөлмелі шатырланбаған тоқал ағаш тамның маңайы қысы-жазы жыбырлаған, айғайлап-шулаған балалардың базарына.....
Әңгімелер
Толық

Жері байдың елі бай

Адамзаттың жер-анаға деген ықыласы ерекше. Топырақтан жаралған болмысымыздан ба әлде аталарымыздың жер үшін аянбай күресе білгендігінен бе, білмеймін, қазақ үшін жер мен ел ұғымы егіз. Әлем картасында жерінің үлкендігі жағынан тоғызыншы орынды иемдеген Отанымыз бар. Алайда басында баспанасы мен өзіне....
Шығармалар
Толық