Физиология | Диалектикалық көзқарас негізгі принциптері мен формалары

Диалектика даму процесі туралы жан-жақты әрі терең мазмұнды ғылым ретінде негізгі заңдармен бірге категориялар жүйесін де қамтиды. Категориялар заттардың, құбылыстар мен процестердің жалпы әрі маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын көрсететін ғылымның негізгі түсініктері болып табылады. Барлық ғылымдар өзіндік категориялар жүйесі арқылы өздері зертейтін объектілердің мәндік сипатын, ішкі заңдылықтарын ашып көрсетеді. Басқа ғылымдар секілді философияның да өзіндік ғылыми түсініктері, категориялары бар. Алайда философиялық категорияларқамту ауқымының кеңдігімен, ең жалпылама байланыстар мен қасиеттерді бейнелеу арқылы дараланады. Олардың ішінде, әсіресе, диалектиканың өзара қатынастығы жұпталған категорияларының маңызы ерекше. Мұндай категориялар жүйесін диалектиканың негізі емес заңдар деп те атайды. Себебі, олардың даму процесін қарастыра отырып, диалектиканың негізгі заңдарын толықтыра түседі.
Енді категориялар қалай қалыптасады деген сұраққа тоқтала кетейік. Олардың қалыптасуы адамның өзінің пайда болумен, өсіп-өркендеуімен, оның санасының, ойлау жүйесінің жетілуімен тікелей байланысты. Бұл процестің түбінде еңбек белгілі. Басқаша айтқанда, категориялардың пайда болып, қалыптасуы еңбектің, қоғамдық практиканың нәтижесі. Адамдар практикалық іс-әрекет барысында түрлі заттар мен құбылыстарды «көзбен көріп, қолмен ұстап» дегендей, қыр-сырына үңіледі, қасиеттерін, байланыстарын, ерекшеліктерін аңғарып, көкейге ұялатады, сөйтіп барып түсініктер, категориялар есебінде түйіндейді. Сондықтан да категорияларды дүниені танып білу барысында баспалдақтар десек, әбден орынды болады. Алайда категориялардың мазмұнды адамдардың санасынан, ақыл-ойынан тәуелді емес. Категориялар объективті түрде өмір сүретін құбылстардың өзіне тән байланыстар мен қатынастар бейнелейді. Ендеше категориялардың мазмұны объективті. Оларды тек өмір сүру тәсілі тұрғысынан ғана субъективті деуге болады. ....
Рефераттар
Толық