Қазақша өлең: Қазақ тілім, Ана тілім, Туған тілім

Қазақша өлең: Қазақ тілім, Ана тілім, Туған тілім казакша Қазақша өлең: Қазақ тілім, Ана тілім, Туған тілім на казахском языке

Қазақ тілі

Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген .....

2017-2018 жылғы білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

2017-2018 жылғы білім беру гранттары иегерлерінің тізімі казакша 2017-2018 жылғы білім беру гранттары иегерлерінің тізімі на казахском языке

Міне, көптеген оқушылардың, олардың ата-аналары күткен күн де келіп жетті. 2017-2018 жылғы білім гранттарын алған түлектердің тізімі шығып отыр. Бұл тізімнен өз аты жөніңізді таппасаңыз, еш уайымдамай ертең шығатын "Егемен Қазақстан", "Казахстанская Правда" газеттерін.....

Қазақша реферат: Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Қазақша реферат: Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) казакша Қазақша реферат: Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) на казахском языке

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.

Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.

1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.

Қазақша Құттықтау - тілек: Жаңа 2017 жыл

Қазақша Құттықтау - тілек: Жаңа 2017 жыл казакша Қазақша Құттықтау - тілек: Жаңа 2017 жыл на казахском языке

Құрметті достар!
Сіздерді Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа 2017 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
Жаңа 2017 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!
Ізгі ниетпен, кандас бауырларың!

Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2017 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа 2017 жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2017 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!
Жаңа 2017 жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!
Жаңа 2017 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2017 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2017 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
Барша қазақстандықтарды жаңа 2017 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2017 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!
Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ғашықпын)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ғашықпын) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ғашықпын) на казахском языке

Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені...
Көрмейсің ғой кереметті мендегі.
Түсінсеңші сарсаң болған пендені,
Түсінсеңші!
Ақыл-ойым кем бе еді?!
Hегe бұлай?
Heгe жүрміз көңілсіз?
Кетем бе деп қапаланып өмірсіз
Шын ғашықпын....