Экономика | Қазақстандағы модельер дизайнерлері

Кім болмасын әдемілікті жақсы көреді. Әсіресе, сұлулық сыйлау жолында қызмет етіп жүрген, осы жолды өмірлік ұстанымы етіп алған жандардың орны айрықша. Сондай жандардың бірі – негізі 1947 жылы қаланған, отандық сән әлемінің бастау бұлағында тұрған «Сымбат» сән академиясының арт–директоры Балнұр АСАНОВА. Ол Мәскеуде, Дубаида және Вашингтонда өткен Сән апталықтарына үнемі қатысып келеді. Сонымен қатар Б. Асанова – «Wһіte and black», «Cһіcco’s» және «Vіctorіa secrets» сауда белгілерімен танымал американдық «Mast Іndustrіes» компаниясының ресми дизайнері болып қызмет істеді. «Cһіcco’s by Balnur Assanova» белгісімен киімдерді АҚШ пен бүкіл әлемнің 500 өкілдігінде кездестіруге болады. Қазақстандық сән өнерінің әлемдегі орны қаншалықты? Осы сауалға жауап іздеп, Балнұр Асанованы әңгімеге тарттық.
– Қазақстандағы қазіргі сән өнері туралы пікіріңіз?
– Қазақстанда сән өнері жоқ деген пікірмен келіспеймін. Сән өнері сонау ерте кезден–ақ жолға қойылған. Ата–бабаларымыздың киген әрбір киімдерінің өзі қайталанбас үлгілерге жатады. Олардың тігуге пайдаланған барқыт, шибар¬қыт сияқты маталарының өзі қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие. Мысалы, Парижге барғанымда осыған көзім жетті. Атақты франциялық дизайнерлер өз еңбектеріне дәл осы барқытты кеңінен қолданып жүр. Сол сияқты велюр де бізден қалған десем артық болмас. Керек десеңіз қазіргі таңда сәнге айналған киім үлгісі, яғни пішу түрлері де қазақтың ұлттық киімінен қалған. Мәселен, еуропалықтар үшін енді ғана сәнге айналған киімдері, бұрынғы қазақтың камзолының үлгісі сияқты. Сондай–ақ, киізден тігілген сырт киімдер де шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Бұның барлығы қазақтың қолөнерінен шыққан дүниелер. Сондықтан, Еуропа емес, Қазақстандық сән өнері әлемді аузына қарата алады.
– Биылғы жылы Нью–Йоркте LACOSTE, DKNY, Y–3, MІSS SІXTY, CAROLІNA ҺERRERA, JІLL STUART, BETSY JOҺNSON, DІESEL, ANNA SUІ, CALVІN KLEІN, RALPҺ LAUREN, DONNA KARAN, TOMMY ҺІLFІGER сияқты әлемдік брэндтермен бірге коллекцияларыңызды ұсынбақшы едіңіздер?
– Иә, қыркүйектің 5–12–сі аралығында Нью–Йоркте Сән апталығы – ІMG Fasһіon Week (Mercedes Benz Fasһіon week New York) ашылды. Онда АҚШ пен бүкіл әлемнің талантты дизайнерлері «Көктем–жаз–2009» жаңа маусымына арналған киім үлгілерін ұсынды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстандағы нарықтың даму тарихы

Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұрақтарға жауап беру оңай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың, жеріміздің тарихын білмейміз.
Мысалы, Қазақстанда құлиеленушілік құрылыс болмастан-ақ патриархалдық-феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан. Бұны қазақтардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысуымен байланыстрады. Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төмен болды, тауарлы-ақша, нарықтық қатынастардың қалыптасуына жағдай болған жоқ дейді. Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз бар, тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты-өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі - жерге феодалдық меншік болды. Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жер өндірістің шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшеюі қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыз байланысты. Оған Ресей империясының өте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлер жер ауып келген орыс шаруаларының, патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас-тартыс күшейді, меншіктік бөлінісу тереңдей түсті, қауымдық-рулық қатынастар ыдырай бастады, патша үкіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бала түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-соңды болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиеленісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасайды. Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды. Академик С.Бәкішевтің мәліметтері бойынша, шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған.
Қазақтардың күнкөрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды, егіншілікпен айналыспаған деген жалаң тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді. Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарда орналасқан болатын. Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну үшін ғана емес, басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған. Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды. Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпен көшірудің кесірінен бұрыннан қалыптасқан отырықшылық ұялары бұзылды. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Қазақстандағы сирек кездесетін өсімдіктер

Жиі гүлдері жалғыз, бірақ көбіые бір сабақта 10-ға дейін болады. Бұл түрдің тамыры өте ерекше — жуан, ақ, цилиндр тәрізді, ұзындығы 60 см, шеңбері 8-10 см; көптеген жіңішке тамыршалары бар.
Қазақстан жерінен тыс Еуразияның орманды аймақтарында (Сахалинге дейін), Солтүстік және Оңтүстік Америка, Австралия және Жаңа Зеландияда кең таралған, Ылғалды мүк басқан шатқалдарда, шөгінді тастар арасында, биік таулы тасты тундраларда, сирек орманды белдеудің жоғарғы бөлігінде өседі. Көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдік, споралар арқылы және жоғарғы жапырақ қындарында орналасқан өскін бүршіктер арқылы көбейеді.
Негізінде мұның ашылмаған гүл себетінде сантонин болады. Ол медицина мен мал дәрігерлік ісінде іштегі құртты айдап шығаратын дәрі ретінде кең қолданған. ХП ғасырда Италия көпестері Орта Азия мен Каспий маңы даласынан жиналған бұл шикізатты сатқан болатын.
Елдің бәрі біле бермейді, біздін Грейг қызғалдағының ғылымға тек 1868 жылы ғана белгілі болғанын, ал 1877 жылы ол Голландияда бірінші дәрежелі сорт дипломын алды. Осы уақытқа дейін осы түрдің қатысуымен табиғи сұрыптау және будандастыру әдістері арқылы қызғалдақгың 300-ге жуық мәдени сорты алынды.
Аллохрузаны Орта Азияда 1927 жылдан бері даярлайды. "Түркістан сабынды тамыры" деген атпен көп мөлшерде шетелге жіберідді. 1960 жылдардың басында Қазақстанда жылына 700-800 тамыр дайындалатын.
Ерте гүлдейтін сәндік түр, шағыл тасты және ұсақ топырақты беткейлерде жазықтықтан субальпі белдеуіне дейін өседі. Екі ұршық тәрізді қосалқы түйнекшелері бар жұмыртқа пішінді түйнегімен ерекшеленеді.
Алматы қаласы мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларда кең таралған. Тұқымы арқылы көбейеді, өздігінен тұқым шашып та өседі. Кирсанов ботаника қорықшасында қорғалады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстандағы туризм дамуының хронологиясы

Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылдағы демалыстарын Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлге өткізіп, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, демалыс дәмін татқысы келеді.
Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар. Осыдан да болар Қазақстандағы туризм кластерін дамытуға ең қолайлы аймақ ретінде жерұйығы Жетісу таңдап алынғаны. Бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Дегенмен, сыртқы елдерге шығатын туристер саны елiмiздiң iшiндегi демалушылардан басым түсiп отыр. Мұның себебiн олар бiздiң елдегi қонақ үй, туристiк қызмет бағасы шетелдегi туристiк қызмет бағасынан артық болмаса, кем еместiгiмен түсiндiредi. Сондай-ақ отандық туристiк қызмет қөрсету түрi де европалық стандарттан төмен дегендi естуге болады. Ал, табиғат аясында демалғысы келетiндер жолдардың жөндеуден өтпегендiгiнен ел iшiндегi Алакөл, Қапшағай, Балқаштан гөрi Ыстық көлге баруды жөн көретiндiгiн тiлге тиек етедi.
Сол уақытта ащы да болса шамбайымызға тиген шындықты айтқан шетелдік мамандарға біздің елімізде туризм саласының кенжелеп қалғанын мойындайтындығымызды, ол олқылықтың орнын 2007-2011 жылдарға арналған «Туризм саласын дамыту» бағдарламасы толтыратындығын жеткізген едік.
Бүгінде әлемдегі Испания, Түркия, АҚШ, Грекия, Таиланд сынды елдердегі ішкі жалпы өнімнің бестен бірі, кейбірінде тіпті 30 пайызы туризм саласына тиесілі екен. Өзінің сан алуан табиғи кешендері мен тарихи орындары бар Қазақстан сынды елге туризм саласының кірісі қара алтын мен металдан әлдеқайда табысы қомақты екені даусыз.
Енді, Қазақстандағы туризм бизнесінің даму динамикасын қарастырайық. ....
Рефераттар
Толық

Экология | Қазақстандағы ұлттық табиғи саябақтардың жағдайы

Табиғат - Ана экологиялық жағдайлардың қол шоқпарына айнала тұра, бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі екеніне дауымыз жоқ. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғатпен тікелей байланыста өтіп келеді. Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында тіршілік өте отырып, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді. Халқымыздың табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстары мен заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатады. Сондықтан да халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлшөгі, құрамдас бір тобы деп есептеді. Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізді, сондай-ақ табиғатқа аялы алақан, көз қарашығындай қамқорлық керек екенін ерте сезінді.
Егер Жер – Анаға тіл бітсе: - Ей, адамзат баласы! Сен менің бауырымда тіршілік еткен ең тамаша перзентімнің. Саналы, парасат - пайымды төлімсің. Бірақ менің перзентім жалғыз сен ғана емес, басқа да тіршілік иелері – менің төл балаларым. Сенің өзіңмен бірге туғандарыңа, яғни жануарларға, аң – құстраға жасаған қиянатың - өзіңе, келер ұрпағыңа жасаған қастандығың дер еді.
Ағылшын халқында «Жер бетінде жалғыз ағаш, жалғыз көл, жалғыз өзен қалғанда ғана өміріміздің қаншалықты қажеттілігіін түсінеміз» деген нақылы бар.
Еліміз Егемендік алған күннен бастап – ақ Республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ерекше қорғалатын аумақтардың жер көлемін кеңейту және көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді насихаттау жұмыстары қалың бұқара қалың арасында жан – жақты жүргізіліп келеді.
Елімізде «Ерекше қорғалатын аймақтар туралы» Заң 1997 жылы 6 тамызда қабылданған. Онда ерекше қорғалатын аумақтарға Республикамыздағы арнайы бөлініп алынған жер алқаптары, су айдындары, ормандар және жер қойнауы ерекше ережеге сай құқықтық тұрғыдан да және шаруашылық тұрғыдан да қатаң тәртіп пен қорғалып, табиғатты сақтап қалу үшін, әрі қалпына келтіру үшін бөлінеді деп атап көрсетілген. Қазіргі кезде Республикамызда ерекге қорғалатын табиғи аймақтар санатына: мемлекеттік қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар, табиғи ескерткіштер, қорықшалар, ботаникалық бақтар жатады. ....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстандағы Шымбұлақ тауы

Қазақтың жерi - ұлан-ғайыр ұлы атырап. Қазақтың жерi - таулы қамалдың алақан уысы да, сулы жайлаудың жайнаған үлгiсi. Көк белдегi көп елге жетсең де - Қазақтың жерi, шөлейттегi құм белге жетсең де - Қазақтың жерi, көз мұнартқан шыңды елге жетсең, ол да - Қазақтың жерi. Алатау мен Арқа арасындағы ұлы дала да қазақтың, тек қана ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРI!!!
Елiмiздiң бес бөлiгi де берекелi баурай мен әсем табиғатқа бай. Солтүстiкте буырқанған Бурабай мен Оқжетпес шыңы, Жұмбақтас, тарихи жәдiгерлердiң ошағы Баянауыл бар. Оңтүстiктегi Шарын, Түрген шатқалдары, Бесшатыр, Есiк қорғандары, әншi аталатын Айқайқұммен мақтануға тиiспiз. Қиялыңа қанат бiтiретiн Бозкөл сарқырамасы, ақбалығымен танымал Асы бар, Қарқараның төсi мен Көлсайдың көк суын атаймын. Хан-Тәңiрiне бас имей, халқым деп сөз айту да күнә Шәлкөденiң шалғынына жетер жер жоқ.
Иә, бұл екi сөзге сыйдырмақ боп iлiп айтқанымыз, терiп айтсақ, тоғыз шақырым сайын жолықтыратындай тұмса табиғат пен тарихи ескерткiштер еселеп саналады. Жер жаннаты - Жетiсу. Жетiсудың жүрегiнде - Алматы. Алматының асқарында Шымбұлақ бар.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстандағы ақша несие саясатының негізгі мақсаты

Қазақстандағы ақша – несие саясатының негізгі мақсаттарының бірі – жуық кезеңде ұлттық валютаны одан ары тұрақтандыру болады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлесе күш салуымен айырбас бағамының күрт ауытқуын болдырмау және ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.
Үкіметтің әрекеті. 2000 жылы шамамен алғанда
жылына 5-6% мөлшеріндегі инфляция қарқынына жету үшін ақша – несие және бюджет саясатын қатайтумен қатар ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететін қаржылық тетіктер дамыйтын болады.
Жинақтауыш зейнеткерлік қордағы жинақталған ақша қаражатының айтарлықтай бөлігін тәуекелсіз инвестициялауды қамтамасыз ету қажет.
Үкімет мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың зәрулігін жабу үшін Ұлттық банктің несиесін
пайдаланбайтын болады. Мемлекеттік бюджеттің зәрулігін қаржыландырудың құрылымы,көбінесе,инфлияция қаржынының төмендеуімен,мемлекеттік қарызды басқару тиімділігінің артуымен, бюджеттік зәрулікті қаржыландыруға
инфлияциялық емес көздерді пайдаланумен,мемлекнттік
құнды қағаздар айналымының мерзімін ұзартумен анықталады.
Республиканың қаржылық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қолдау үшін ақшалай- несиелік реттеу рычагтарын пайдалану жетілдіріле түспек.Банк жүйелерінің дамуына орай ақша-несие саясатының құралдарын мейлінше белсенді қолдану жоспарлануда:
ҚҰБ сыйақы(мүдделер) ставкасына бекіту,міндетті резервтердің сараланған мөлшерін реттеу,және,әсіресе,
ашық рынокта операциялар жүргізу.Мүдде ставкасына қатысты Ұлттық банктің саясаты тиісінше инфляция
деңгейінің динамикасымен және инфляциялық тасуға байланысты өзгеретін нақты көріністегі біркелкі оң ставканы қолдауға,сондай-ақ,қаржылық рыноктар жағдайларына бағыталатын болады.Ақша-несие саясатының
дәстүрлі құралдарын пайдалану,банктік қадағалауды күшейту,қаржылық рыноктарды қалыптастыру мен дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызу ішкі жинақтауды көбейтіп және оларды ұтымды орналастыруға ықпал ететін болады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік экономикалық тұрғыдан қарастыру

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таңыды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұңы жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілгенжүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Ал, Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18,7%) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұранысының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1 кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектеп алды бағдарламамен қамтылуға тиіс.
1 кесте
Жылдар Желі Контингент
2000 1144 135287
2001 1167 146375
2002 1162 153965
2003 1156 160708

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16,3 мың педагог қызметкер еңбек етуде, олардың 38,7%-ының жоғары білімі, 52,8%-ының арнаулы орта педакогикалық білімі, 6,4%-ының аяқталмаған жоғарғы педагогикалық білімі бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің 40%-ының ғана жоғары және бірінші санаттары бар, ал 31,2%-ының санаты жоқ. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесінің дамуы

Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс – жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587 жылы айырбас ісінің негізінде, яғни әртүрлі елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақша есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстрдамда (1609 жыл) және Гамбургте (1618 жыл) ұйымдастырылды.
Карл Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: «Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі...»
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу – сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.
Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады.
1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны
қарыз капиталына айналдыру.
2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру,
бағалы қағаздармен операция жүргізу.
3. Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлі шаруашылық
субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады.
4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиенттің тек
жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерде вексельдерді шығарумен де несиелейді.
5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, ұлттық банк. Әр мемлекеттерде ұлттық банк әртүрлі аталады. Мысалы: бұрынғы КСРО – да ол мемлекеттік деп, ал қазір Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Ұлттық банкінің негізгі мақсаты айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие – есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол – елдің екі деңгейлі банк жүйесінің – жоғары деңгейіндегі банк. ....
Рефераттар
Толық

Экология | Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары

Республикамыздың аумағында кездесетiн мол табиғат ресурстары тиiмдi және тиiмсiз жолдармен игерiлiп келедi. Әcipece қазба байлықтарды өндiру мен өңдеу, оларды тасымалдау барысында, ашық кен өндiрiстерiнде кен қазғанданда табиғат орасан зор зардап шегедi. Оның үстіне елiмiздегi полигондар орналасқан аумақтарды экологиялық тұрғыдан апатты аймақтарға жатқызуға болады.
Семей өңiрiндегi сынақ аймағының радиоактивтi заттармен ластану деңгейi өте жоғары. Осы аумақта шоғырланған 154 өнеркәсiп орнынан жылына 294 мың т улы химиялық заттар қоршаған opтaғa таралады. Мәселен, Семей қаласы бойынша ауыр металдардың шектеулi рауалы шоғырлануы жөнiндегi көрсет¬кiштерге көңіл бөлсек, мыс-100, хром-100,қорғасын-100, мырыш-300, кобальт-50, никель-50 есеге артқан.
1990 жылғы мәлiмет бойынша, Қазақстан аумағында ядролық қару сыналғaн жердiң көлемi облыстарда: Ақтөбеде - 4207,5, Атырауда-1635,3, Шығыс Қaзaқстанда-11,1, Жамбылда- 2576,1, Қарағандыда - 4900, Батыс Қазақстанда - 1558,8, Орталық Қазақстанда - 19,6, Maңғыcтayдa - 21,4, Павлодарда - 717,0, Oңтүcтiк Қазақстанда - 8,1, Шығыс Қазақстанда - 941,2 мың га жердi қамтыған. Аталған облыстарда 50 жылдай бойы Ресейдiң әскери ведомостволары 500-ге жуық ядролық сынақ жасап, 20 млн га шұрайлы жердi жарамсыз еткен. .
Батыс Қазақстан аумaғында 1966-1979 жылдар аралырында 24 ядролық қapy сыналған. Сынақ Maңғыcтay облысында 3 рет, Батыс Қазақстанда 4 рет, ал Атырауда 17 рет жасалған. Соның iшiнде ең ipici Азғыр полигоны ғана 61 мың га жердi алып жатыр.3ерттеу нәтижелерi бойынша Нарын, Азғыр құмдарында ауыр металдардың шектеулi рауалы шоғырлануы көбейiп, цезий - 137, кадмий - 80-120, стронций - 150, қорғaсын - 80, нитрат – 88 есеге apтқaн.
1988-1991 жылдар аралығында тек қaнa Тайсойған поли¬гонында 24000 зымыран сыналып, 30 мың т жанармай жaғылған. 1994 жылы 5 шiлдеде және 27 қазанда апатқа ұшырaған "Протон" зымыран тасығышынан бөлiнген гептилен уы Қарағанды облысының жерiне орасан зор қауiп төндiрдi. Оның зардабы елi белгiсiз болып отыр.
Қазiргi кезде Қазақстан жерiнің 33,6 млн га жерi әскери полигондардың кecipiнeн бұзылғаны анықталды. Сол сияқты республика аумaғында барлығы 16 млрд т радиоактивтi қалдық жинақтaлған. Ол қалдықтар Ақмола облысының - 800 га, Жамбыл облысының - 190 га, Қарaғанды облысының - 25 га, Қызылорда облысының - 3 га, Оңтүстiк Қазақстан облысыньщ 2 га жерiн алып жатыр. Мұны Қазақстандағы радиациялық апат аймақтары мен олардағы қазiргi қалыптасқaн жaғдайлар келтiрiлген фактiлер арқылы көруге болады ....
Рефераттар
Толық