Ғабиден Қожахмет | Анекдотшыл күйеулер


- Не анекдот?! Не анекдот?!

- Ау, айтайық та әуелі.

- Ал, айтшы арманда қалмай!

- Бір күні Брежнев Олимпиаданы ашып жатқан ғой. Содан сөзін бастап жатып "О" дейді. Жұрт ду қол шапалақтайды. Екінші рет тағы да "О" дейді. Жұрт тағы да ду қол шапалақтайды. Үшінші рет "О" дегенде, жұрт тым-тырыс. Сол кезде көмекшілерінің бірі жүгіріп келіп: "Леонид Ильич, сіздің оқитын текстіңіз төменгі жағында. Сіз Олимпиаданың эмблемасын оқып тұрсыз", - депті.

Бірақ Қалдыгүл Нағи айтқан бұл анекдотқа күлген жоқ.

- Құдай, сол мазақ қылғаның мен болсын! - деді.

- Не, сен Брежнев пе едің?

- Сол менің оқымағандығымды бетіме басып отырсың ғой. Сен оқыдың ғой, ал! Оқығанда, бірдеңе бітіріп жатсың ба?!

- Сені біреу оқымаған деп жатыр ма?

- .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ақын және бастық

Ақын жергілікті жердегі бастықтың үйінде отырды. Бастықтың әйелі ақынға шай құйғалы жатыр еді, бастық әйеліне: "Шайыңды қоя тұр", - деді де, ақынға қарап:

- Мына балаларға бір-бір шумақтан өлең лақтырып-лақтырып жіберші, - деді.

Бастықтың балалары көп еді. Ақын сүйкектетіп жазып отырып: "Есіл ерім-ай! Азаматым-ай! Баланы да таптырған екен", - деп бастыққа іштей разы болып отырды.

- Ағаңның бөлмесіне баршы, - деді бастық тұлымшағы селтиіп тұрған кішкентай қызына. - Ағаңның бөлмесіндегі суреттердің бәрін осында алып кел.

- Мынау Алматыда оқып жатқан ұлымыз еді, - деді бастық суреттерді ақынның алдына тоса беріп. - Осыған қарап отырып та бір-екі шумақ өлеңді лақтырып-лақтырып жіберші.

- Осы ит қайда? - деді бастық әйеліне. Сосын ақынды жеңінен тартты: - Жүрші! .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ақынның шабыты


Бір кішкентай қаланың жалғыз ғана ақыны болыпты. Бір күні сол ақын 60-қа толған кезде, сол қаланың әкімі ақынына сый-сияпат көрсетеді. Жылы сөздерін арнайды. "Сіз біздің қаламыздың жалғыз ақынысыз, - дейді әкім ақынға. - 60 жасыңыз құтты болсын! Сізге әлі де толағай шығармашылық шабыттар тілеймін!"

Содан кейін біршама уақыт өтті. Бір күні осы қаладан шығатын газетке ақынның өлеңі басылып шығады. Әкім әлгі өлеңді оқып отырып, көңілі нілдей бұзылды. Оған ақынның шабыты қайтып қалған сияқты көрінді. Дереу ақынды өзіне алдыртты.

- Сіз біздің қаламыздың жалғыз ақынысыз, - деді әкім ақынға. - Мен қаланың халқы бір нәрседен таршылық көріп қалмау үшін үнемі жігіттерге тапсырма беріп отырамын. Бірақ біздің қаланың халқына өлең де керек. Ендеше, мен жұмысты жігіттермен бірдей сізден де талап етем. Неге сіздің шабытыңыз кеміп жүр? Біз сізге барлық жағдайды жасап қойған жоқпыз ба? .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Келіншек

Күйеуінің қолы тиіп кеткен еді. Бұрынғы сезіммен қосылып тұрмысқа шыққан көңілінде содан кейін оған деген пайда болған өкпе ме, реніш пе, әйтеуір, бірдеңе бұрынғы оған арналған жүрегіндегі сүйіспеншілік сезімімен бірге ішкі сарайында бірін-бірі жеңе алмай, итжығыс түсіп, алмасып келді де отырды.

- Айдын, әу, Айдын! Мына көйлекті киіп көрші! Саған алып едім! Қане! Дұрыс алған екем ғой! Мә, керемет жарасып тұр екен! Тура бір көйлектің жарнамасындағы жігіттердей болдың да қалдың! (Осы кезде ұрғаны есіне түсіп кетіп, ішінен). Қолың сынғыр, қолың сынғыр. Мені ұрған қолың сынып қалмайды-ау сенің. Қолың сынып, көйлектің жеңі салбырап тұрса, жақсы болар еді.

- Айдын, әу, Айдын! Ертең Жұмабектер қарындасын ұзатқалы жатқан жоқ па? Осы көйлекті сол кезде киіп барасың ғой! Жарасымды болып барғаның өзіңе жақсы ғой! (Ұрғаны есіне түсіп кетіп). Сені кім шақырғалы жатыр соған?! Тек мен жүргесін шығар қасыңда.
.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Еврейдің баласы болса олай етпес еді


Сабақ алдында

- Білім дегенді шартты түрде зат деп алайықшы, - деді методист еңбек жолын енді ғана бастап жатқан жас ұстаз мұғалима қызға қарап. - Иә, кәдімгі зат деп алайық. Бұрын қалай болды? Сол затты мұғалім балалардың көзіне көрсетіп, ол жөнінде барлығын да өзі айтып беретін. Енді біз олай етпейміз. Зат алақанда жасырулы күйінде тұруы тиіс. Оны бала ізденіп, өзі табатын болсын. Мен өзге елдердің білім жүйесімен танысып қайттым. Соның ішінде еврейлерде де болдым. Сабағыңызды абыржымай жүргізе беріңіз. Мен сіздің сабағыңызға қатысып, сізге бағыт-бағдар беріп отырамын. Іске сәт!

Сабақта
Мұғалима. Сонымен, балалар, апайдың, алақанында не жасырулы тұр екен? Қане, бәріміз бірге табамыз? Апайдың алақанында не жасырулы тұр?

Методист (сыбырлағандай етіп). Көрдіңіз бе? Салған жерден "білмеймін" деулерін көрдіңіз бе? Еврейдің баласы болса, олай етпес еді. Іздендіре беріңіз. Талпындыра беріңіз. Өзіңізге тарта беріңіз. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Еврейдің баласы болса олай етпес еді


Сабақ алдында

- Білім дегенді шартты түрде зат деп алайықшы, - деді методист еңбек жолын енді ғана бастап жатқан жас ұстаз мұғалима қызға қарап. - Иә, кәдімгі зат деп алайық. Бұрын қалай болды? Сол затты мұғалім балалардың көзіне көрсетіп, ол жөнінде барлығын да өзі айтып беретін. Енді біз олай етпейміз. Зат алақанда жасырулы күйінде тұруы тиіс. Оны бала ізденіп, өзі табатын болсын. Мен өзге елдердің білім жүйесімен танысып қайттым. Соның ішінде еврейлерде де болдым. Сабағыңызды абыржымай жүргізе беріңіз. Мен сіздің сабағыңызға қатысып, сізге бағыт-бағдар беріп отырамын. Іске сәт!

Сабақта
Мұғалима. Сонымен, балалар, апайдың, алақанында не жасырулы тұр екен? Қане, бәріміз бірге табамыз? Апайдың алақанында не жасырулы тұр? .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Апасының тәлімі

Түскі шайын ішіп болысымен, апасы кейде бұған: "Маған "Қыз Жібекті" қойып берші", - дейтіні бар. Бұл далаға ойнап кеткісі келіп тұр еді, енді апасы айтқасын, қойып беруі керек.

Радио үлкен бөлмеде тұрады. Апасы сол бөлмеге өтіп, қасына сүйеніп отыратын жастығын алып, жырды тыңдауға дайындалып отырар еді. Бұл радионың кішкене түймесін басады. Түймені басқанда, радионың бетінде аппақ самаладай жарық сәуле жарқырайды. Егер осы түймені қайтара басса, самаладай сәуле сөніп, радионың жарты бетінде қызылды-жасылды жарық бірқалыпты жанып тұрар еді. Егер мынау жатқан күйтабақтардың арасынан эстрадалық бағыттағы күйтабақтардың бірін алып ойнатса, мына қызылды-жасылды жарықтар дауыс пен әуеннің ырғағына сай жанып-сөне бастар еді. Егер әншінің даусы тым биікке көтеріліп тұрып алса, жарықтардың ішіндегі ашық, көгілдір сәулелі жарық өзге жарықтардан ерекше бөлініп барынша шұғыла шашқан күйі тұрып қалар еді де, әншінің даусы төмен түскенде барып, көк шұғыла да іле-шала сөне қалар еді. Ал егер әншіні сүйемелдеуші музыканттың гитарасының даусы әуенді қайырмалап ойнап тұрып алған сәтте, жарықтардың арасынан ашық қызыл шұғыла сәуле ғана жарқыраған күйі бөліне жанып, сол күйі тұрып қалар еді де, әнші әнді жалғастырып кеткенде, қызыл шұғыла да іле-шала бәсеңси қалар еді. Қазір апасы "Қыз Жібекті" қойып беруді сұрап отыр. Дәстүрлі бағыттағы әндерді қойғанда, қызылды-жасылды жарықтар эстрадалық әндерді қойғандағыдай аса құбылып ойнай бермейді. Тек жыршы даусын көтеріп "әу" деп қалған сәтте ғана, манағы көгілдір сәулелі жарық бір мәрте жарқ ете түсіп, іле-шала тез сөнеді. Дәстүрлі әндерді ойнатқанда, ең бастысы, бұл жарықтарды сөндіріп қойған дұрыс. Өйткені дәстүрлі бағыттағы әндердің басты қасиеті әуеннің ойнақылығында емес, сөз, сөздің құдіреті, сөздің қасиетінде жатар еді.
.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Көке


Әкем Қожахметұлы Қолғанаттың рухына арнаймын.

Анасын апа деп, әкесін көке деп өсті. Бала күнінде өзі құралыптас балалармен ойнап жүріп олардың өз шешелерін "мама" деген сөздерін қызықтапты, сол сөзді жаңашыл санапты, үйіне келіп апасына айтып көріпті. Бірақ апасы бұл сөзге мойын да бұрып қараған жоқ, тіпті мән де бермеді. Есейе келе бұған өзінің ана тіліндегі ана деген қасиетті сөздің баламасын тек апа деген сөз ғана бере алатын сияқты көрініп қалды. Бала күнінде апасы әлденені уайымдай бастаса болды, көкесі: "Несіне уайымдай бересің, Күлжәмила-ау. Мен бармын ғой. Құдай қаласа, өзім жеткіземін ғой. Балаларды да өзім жеткізіп шығарамын", - дейтін. Бірақ көкесі олай ете алмай қалды ғой.

Сол күні үйде кешкі асқа үлкен ас дайындалып жатқан еді. Көкесі төсегінен түсіп бір аяқ сорпа ішті. Бұған үй іші қуанысып қалды. Науқастың беті бері қарап келе жатқандай сезінді. Әр адам саналы ғұмырында талай-талай тағам толы мәртебелі дастарқанның басында отыратын шығар, бірақ бір күні өмірден өтерінде өзінің жарық дүниедегі ең соңғы асын ішеді дейді. Апасы су сұрап ішкен екен. Апасы өзі су сұрайды. Сонан соң су берген адамға алғысын айтып: "Жарық дүниедегі татқан соңғы дәмім осы шығар", - депті. Көкесі де әлгі сорпаны ішкеннен кейін әлсірей бастады. Үй іші лезде дүрлігісті де қалды. "Төсегіне.. төсегіне жатқызыңдар! Дәрігерге жүгір!" Ұзын бойлы, көзілдірікті дәрігер тез-ақ жетті. Көкесі жатқан бөлмеге еніп кетті. Тамырын ұстапты. Басын шайқапты. Әлгінде ғана қуанысып қалған үй іші лезде азан-қазан болды да қалды. Бұл отырған бөлмеге үлкен ағасы еңірей жылап кіріп, етпеттей түсіп жатты. Ол: "Көкем өлді ғой. Көкемнен айрылдық қой", - деп жылады. Анадай жерде кіші ағасы жер бауырлап қалды.

Е .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Тест әдісі

Мектеп бітірген жылы үлкен ағасы бұған өзі де ұнатып қалап жүрген әдебиеттің оқуына барғанын қолдап, кеңес бере отырып, "оқимын деген адамның бәріне заң ортақ қой" деген еді. Ағасы айтса, айтқандай-ақ, сол жолы өзі қалаған оқуына түсе алды. Соңғы курста жүргенде, тарих мамандығына деген қызығушылығы оянды және болашақта осы мамандыққа тапсырып көруге деген мақсат қойды.



Мұғалімдік жұмысқа орналасып, оның алғашқы жылын өткізді. Сонан соң ойға алған мақсатына сай, құжаттарын дайындай бастады да, бірақ ішкі ойы одан гөрі құқық мамандығына тапсырып көрсем деген ойға тіреле берді. Бұл жолы апасына ештеңе дей қоймады, айтсам, келісімін бере қоймас деп ойлағаны. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Әуеннің үні


Ол әскери борышын Ауғанда өтепті. Ән салатын. Аспапты бауырына жиып алған күйі құныса түседі. Сонан соң әуеден әлдебір дыбыстарды тың тыңдағандай күй кешетіні бар. Бірде осылай аспапта ойнап отырып, оны қабырғаға сүйей салды да:

- Ол шаршап тұр, - деді.

- Музыкалық аспап та шаршайды ма?

- Неге шаршамасын? - деді ол. - Мұны аспаптың құлақ күйі келмей тұр дегенмен шатастыруға болмайды. Мен оның құлақ күйін келтірдім. Бірақ ол ән салғысы келіп тұрған жоқ. Демек, оның көңіл күйі болмай тұр деген сөз. Сондықтан оған тыныштық беру керек.

- Соғыс деген қандай болады екен? - деп сұрайды одан. .....
Әңгімелер
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы