Ілияс Жансүгіров (Түс)

Білмеймін әлде дала, әлде сарай,
Күз десем, тас көрмедім қарай, қарай.
Жақпара, жарма жапқан зер шымылдық,
Әсем саз, алтын нақыш айнала орай.
Көк шулар, таста толқын ырғып ойнар,
Фонтандар мөлдір тұнық ырғып қайнар.
Балықша құлаш ұрып жүрген кеп жан.....
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Әзәзіл)

Түнде бұлбұл шырқап ән,
Орман шуы, қыз көзі —
Бәрі жаңа, бәрі сән.
Көрінгенде өмір езі,
Көкке көңіл желпінткен,
Еркіндік, даңқым, сүюім,
Ой қозғаған өнерім,
Қанымды қатты серпілткен.....
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Анчар)

Қу далада, құла түз,
Жер қақдаған күн тамыз.
Күзетшідей жапанда
Анчар — ағаш тұр жалғыз.
Табиғаты сахраның
Өсірді оны ашумен:
Тамыр, бұтақ, жапырағын
Суғарды да зәрлі умен......
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Сен де мен)

Сен бай, мен бір қу кедей,
Сен прозаик, мен ақын.
Сен қандысың мак гүлдей,
Мен қансызбын өлімдей.
Бейнет көрмей өміріңе,
Биік үйде тұрасың.
Менші, уайым, әуреде,
Күн өткізем саламда.....
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Қанды қыран)

Әлемге қанды қыран жайды құшақ,
Қап - қара дауылдата бұлтқа құсап,
Темірден тегеуріні құрыш қанат,
Шақырып жүр төбеде пышақ! пышақ!..
Тұмшалап төңіректі алған тұман,
Құлаққа үн келеді ыңырсыған......
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Екпінділер мен прогульщик)

Прогульщик:
Ей, екпіндім, мұнша неғып
Бүлінесің, терлейсің?
Самайыңнан терің ағып,
Жан рахатын білмейсің...
Екпіндінің біреуі:
Білеміз ғой рахатыңды,
Жатып арақ ішесің.
Сөйте - сөйте бұзық болып,
Тез - ақ торға түсесің. .....
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Социалды көмек)

Eгic тақау қалды деп,
Партия ұран салды деп,
Қаулысы боп бәрінің.
Партияның дерегін
Тұқым, сайман керегін
100 процент дайындап
Бітірген кім? «Калинин».
Ол орыстың ауданы,
Талғар, Есік, Қаскелең,
Поселкелер мекені,
Алатаудың баурайы......
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Сеп сеп сеп!)

Бозбала:
Жеке - жеке құлданып,
Жеген бізді бай құрсын.
Қыз бала:
Ауылым колхоз болған соң,
Қаңғырсын бай, қаңғырсын.
Бозбала:
Большевиктер, басшылар
Бастап егін салдырсын.
Қыз бала:
Социалистік еңбегім
Жер мерейін қандырсын. .....
Өлеңдер
Толық