Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар 1-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық реакция жылдамдығы
Сабақ тақырыбы: Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Химиялық реакция жылдамдығына температура өзгерісінің әсерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру;
- химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әрекетін болжау;
- осы жұмыстар нәтижелерінде алынған өңдеу дағдыларын қалыптастыру (график құру).
Сабақ мақсаттары: 1. Химиялық реакция дегеніміздің мәні түсіну;
2. Химиялық реакция ұғымын сабақ пен күнделікті өмірде қолдана білу;
3. Жылдамдық пен химиялық реакция жылдамдығы ұғымдарының арасындағы байланысты ұштастыра білу және есептеулерде қолдану;
4. Бөлшектер дегеніміз не? Оларға нелер жатады?
5. Бөлшектердің химиялық реакциялардың жылдамдығына қандай қатысы бар? Қарапайым да нақты мысалдар келтіре алу;
6. «Жанасу беті» дегенімізді қалай түсіну керек?
7. «Жанасу бетінің ауданы» сөзі қандай заттар жағдайда қолданылуы мүмкін?
8. «Бөлшектер» дегенде нені түсінеміз;
9. Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттардың жанасу бетінің ауданы қалай әсер етуі мүмкін?
Практикалық жұмыс бойынша:
- Әрбір жасалынуы міндетті жұмысты әрбір жұмысты мүмкіндігінше өзі істеп көру;
- Дұрыс болжам жасау және көрсетілген алгоритм бойынша жүріп, қорытынды жасау;
- ТҚЕ мұқият сақтау;
- Өздерінің білгендерімен бөлісу.
Кәсіби мақсат. Деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы дарынды оқушылардың зерттеушілік-шығармашылық қабілеттерін дамыту;.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық