АНАНЫҢ РИЗАЛЫҒЫ

Баязит Бистами «Ғылымда бұндай биік дәрежеге қалай жеттің?» деп сұрағандарға:
– Анамның дұғасымен, – деп, басынан өткен мына оқиғаны айтушы еді.
«Бір күні анам қатты ауырды. Мен қасынан бір елі ажырамадым. Түнде анамның аяқ жағында отырған едім. Әлден уақытта: «Ботам, су берші?» – деді. Тұра жүгірдім, бірақ үйде су бітіп қалған екен, екі өкпемді қолыма алып ауыл сыртындағы бұлаққа бардым. Суды алып келсем, анамның көзі ілініп кетіпті. Қолыма мұздай суды ұстап, шешемнің оянуын күтіп отырдым.......
Кеңестер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Шәкен ағаға риза еді

Апыр-ай десеңші, алты ай қыс, алты ай жаз, лүп еткен желсіз, қақырата соғар қара дауылсыз, азынаған ақ түтек борансыз күн кешіп жатқандары мынау. Казармадан шыға қалса маңдайына тіреліп, көз алдына керілген көк пердесін көлденең тартқан қалың орман. Сол орманның арасында өмір сүру көкжиекпен астасып жатқандай көрінетін байтақ қырда кіндік кесіп, саф ауасымен көкірек кере дем алып, ұлылы-кішілі төбелер мен тауларға өрмелеп өскен айдын шалқарға қаз қонып, үйрек ұшқан.

Айдындардың еркесі, аққу, аялдаған көлдерге өзендерге шомылып, ат құлағында ойнап, еркін өскен қыр баласы сол байтағын, қалай сағынбасын, қалай аңсамасын? Талай түндерде кірпік ілмей, сол далаға деген сағыныш бесігінде тербелгені де күні кеше. Сондықтан да болар ол қазақ киностудиясы жарыққа шығарған фильмді көруге асығып ынтығып отыр. Фильм басталмастан бұрын бұл туралы полк командирінің саяси жұмысы жөніндегі орынбасары (бұдан әрі командирдің орынбасары): « Бүгін сіздер қалыптасқан дәстүр бойынша айына бір рет көрсетілетін одақтас республикалардың бірінің кинофильмін көресіздер. Кезек – Қазақстандікі. «Алдар көсе» фильмінікі», – деген еді. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Риза болсын ақынның аруағы

«Желіктіріп, су бүркіп, сайтан маған,

Кезім болды әділдік айта алмаған.»

Бұл Мұқағали ақынның «Өмір деген біреу бар» атты өлеңінің екінші буынының алғашқы егіз тармағы осы жолдарды оқығанда бір шама ойға берілдім.

Бұл не ақйық ақынның ар алдында ағынан жарылған ақжар ма тұсы ма... жоқ әлде тәңірі ерекше талант силаған періште көңілдің көрінісі ме?!

Қалай десек те болмай жатып болдым, толмай жатып толдым дейтін таланттан, ең бастысы ар ұяттан жұрдай өздерін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетуде тырысатын ақындардың пешенесіне жазылмаған сыршылдық.

Бұл сыршылдық демекші Мұқағалидың кез келген өлеңі тұнған сыр. Ол сізді өзінің сырына ортақтастыра, ой бөлісе отырып, өзі мен бірге қуантып, өзі мен бірге мұңайтады.

Сондай өлеңдерінің бірі «Емханада»

.....
Әңгімелер
Толық

Перизат

Теңіздің беті шашыратқының гүліндей көкпеңбек, таза шыныдай мөп-мөлдір. Ал тереңдігінде есеп жоқ. Тереңдігі сонша, оның түбіне ешбір зәкір жетпек емес. Мұның тереңдігін өлшеу үшін қабат-қабат зәулім мұнаралардың бірнешеуін біріне-бірін жалғауға тура келер еді. Міне, сол тұңғиықта су перілері өмір сүреді.

Теңіз түбі тұлдырсыз ақ құмдақ екен – деп ойлап қалмаңдар. Жо-жоқ. Оның түбінде судың сәл ғана қимылынан тірі жанша ......
Ертегілер
Толық