Қазақ әдебиеті | Сафуан Шаймерденов

Сафуан Шаймерденов(15.4.1922 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылы — 23.2.2007, Алматы) — жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы (1995).
ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1950).
1943 — 45 жылы Солтүстік Қазақстан облысы "Ленин туы” газетінде әдеби қызметкер,
1950 — 52 жылы "Лениншіл жас” (қазіргі "Жас алаш”) газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі болды. Кейіннен "Әдебиет және искусство” журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары (1952 — 55),
"Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары (1955 — 56),
Қазақстан Жазушылар одағында проза секциясының меңгерушісі (1956 — 58), хатшысы (1961 — 63),
"Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі "Парасат”) журналында бөлім меңгерушісі (1958 — 60),
Қазақ КСР-і Мәдениет мин-нде репертуарлық коллегияның бас редакторы (1971 — 76) болып істеді.
1976 жылдан бірыңғай шығарм. жұмыспен айналысты. Алғашқы көркем шығармасы — "Болашаққа жол” романы 1953 жылы жарық көрді. Романда Қазақ университетінің зиялы қауымы — профессорлары, .....
Рефераттар
Толық