Тарих | Тарих сабағында білім берудің негізгі құралы оқулықты пайдалану

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Тарих пәнін жаңа көзқараста оқыту мәселесі алға қойылды. Соңғы он бес жылда еліміздің тарихы мектептерде оқыту кең қолға алыныеп жаңа кітаптар шыға бастады, жаңа шыққан кітаптар мен оқу әдістемелік кешендерді соңғы озық әдіс тәсілдерді мектеп оқушыларына оқыту және білім беру. Қазақ тарихын барынша жаңа қырынан көрсету ашылмаған тарих беттерін кітапқа оқу құралдарына түсіру өте өзекті мәселе.
Курстық жұмыстың мақсаты :
Мектепте оқушыларға Қазақстан тарихы пәні бойынша негізгі оқыту құралы оқулық пен оқу-әдістемелік кешенді пайдалану аркылы білім беру арқылы көзқарас пен дағдыны қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері :
-Мектеп оқулығына кең ғылыми түрде сипаттама беру.
- Мектеп оқулығының құрауыштарын толық баяндау.
-Тарих пәні сабағында оқулықпен жұмыс істеу жүйесін түсіндіру
-тарих сабағына пайдаланылатын әдістемелік кешендердің казіргі кезде кең қолға алынуын атап өту.
-Жаңадан шығып жатқан әдістемелік-кешендік кітаптарға сипаттама беру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Macromedia flash mx программалау технологиясында электронды оқулықты құру

КІРІСПЕ
2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу құқығын әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсетті. Біз электрондық үкіметпен бірге ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмайды, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Жоғарғы оқу орны секілді мектептердің де оқыту жоспарын басқару жүйесі қатқыл, динамикалық жүйе болу керек. Яғни, бұл жүйеде көзделген жоспарларды тиімді қарастыру керек, барлық өзгерістер мен жаңа тенденцияны оперативті түрде ескеру қажет. Әр Жоғарғы оқу орны мен қатар мектептердің білім беру саласын басқару үшін үлкен мүмкіндіктері байланыс құралы мен есептеу техникасын қолдану қажетті дүние болып табылады. Заманауи кезде Жоғарғы оқу орнын басқаруда автоматтандырылған жүйенің енуі және белгілі бір өңдеу тәжірибесі жинақталған.
Ұйымдастырылған жүйеде қиынырақ жұмыс болып ақпаратты өңдеумен байланысқан процестер жатады. Ол ақпараттарға – жинау, қайта өңдеу, бейнелеу, сақтау, жіберу, тасымалдау және шығару жатады. Осы процестерді тездету және мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер көмектеседі.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігіне байланысты дипломдық жұмыстың мақсаты – «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасына» сай «Информатиканың теориялық негіздері» пәні бойынша электрондық оқулық элементін құрудың программалық жабдығын құру. «Информатиканың теориялық негіздері» оқулығын жасау кезінде теоиялық мәліметтер және сондай-ақ қосымша материалдарды қолдана отырып, Macromedia Flash MX программалау технологиясының көмегімен электрондық оқулық элементі жасалды. Жұмысты орындау процесі толықтай Macromedia Flash MX технологиясының өзінде жасалынды.
Ақпаратты реттеп қана қоймай, сонымен қатар оның талдау процестерін оңайлату және керекті басқару шешімін қабылдау керек.
1. Дипломдық жұмыс 4 тараудан, негізгі бөлімі 51 беттен 20 суреттен тұрады. Жалпы бұл дипломдық жұмыста мен мынадай бірқатар әдебиеттер мен таныстым: Д.И.Тверезовский. Самоучитель Macromedia Flash MX 2004.-Москва – Санкт-Петербург – Киев, 2005. Жадаев. Самоучитель Macromedia Flash MX. – Москва: «Технолоджи -3000», 2005. К.З. Халықова, С.М. Кеңесбаев, Р.М. Мафухаев. Macromedia Flash MX технологиясы. Алматы, 2006.
Бұл оқулықтардан өзіме атап айтарлықтай дәрежеде тәжірибе жинадым.....
Дипломдық жұмыстар
Толық