Кітапхана сабақ жоспары: Оқушылардың бойында ақпараттық сауаттылықты сыни тұрғыдан ойлау стратегиясымен және «Синквейн» әдісі арқылы дамыту (7-8 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Оқушылардың бойында ақпараттық сауаттылықты сыни тұрғыдан ойлау стратегиясымен және «Синквейн» әдісі арқылы дамыту.
Сабақтың қысқаша мазмұны: «A and Q» әдісімен «Ақпараттық сауаттылық» тақырыбын қайталау. «Синквейн» әдісімен танысу. Осы әдістің қолданылуын және ережесін үйрету. «Синквейн» әдісінің түрлілігін көрсету. Слайдтағы «синквенй» әдісімен жасалаған сұрақтарды қою (Жұмбақ). Әр оқушыға тақырып бере отырып, «синквейн» құрастыру тапсырмасын беру. Әр оқушының негізгі тақырыбын сынып болып табу.
Сабақ жоспары
Толық

Кітапхана сабақ жоспары: Кітапханаға саяхат

Сабақтың мақсаты:
Кітапханамен таныстыру.Кітапхана туралы мәлімет беру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет беру.Кітапты пайдалану ережесіме таныстыру.
Сабақтың барысы:
Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін сендер үшін ерекше күн.Мектеп кітапханасының енді тұрақты оқырмандары боласыңдар.Ендеше хош келдіңдер!
- Балалар кітапхана деген сөздің мағынасын білесіңдер ме?-
- Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді.Кітапханада кітаптар өмір сүреді және оқырмандарға көмек береді.Сондықтан кітапты ұқыпты ұстай білу және уақытында тапсыру керек.Кітап ең жақын дос болып табылады.Енді оқушылардың кітап туралы өлеңдерін тыңдайық..
Сабақ жоспары
Толық

Кітапхана сабақ жоспары: Кітап – сенің досың (2 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Кітап – сенің досың
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды білім құралының маңызымен таныстыру.

Білімдік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.

2. Кітапты күтіп таза ұқыпты пайдалануға үйрету.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітаптар.
Сабақ жоспары
Толық

Кітапхана сабақ жоспары: Кітап түрлері (3 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Кітап түрлері

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды білімділікке үйрете отырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.

2) Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. Шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру.

3) Кітапты ұқыпты, таза ұстауға баулу. Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, топпен жұмыс
Сабақ жоспары
Толық

Кітапхана сабақ жоспары: 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні (Біз кітапханаға барамыз)

Тақырыбы: Біз кітапханаға барамыз
Мақсаты:білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру;кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру;кітапқа деген қызығушылығын арттыру;оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі:кітап жайлы жазылған плакаттар,суреттер.
Сабақ жоспары
Толық

Экономика | Коммерциялық банктің рейтингін талдаудың ақпараттық жүйесі

Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.
Кез-келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізіне өзара бір-бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп, нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар жатуы мүмкін: тауарды өңдеушілер, сатып алушылар, маркетологтар, тауарлар, бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және т.б.
Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Коммерциялық банк рейтінгін талдаудың ақпараттық жүйесі бізге сол банктің жүргізетін операцияларын, оның қызметтері жайлы білуге көмектеседі. Банктің рейтингі негізінен Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті қызметі арқылы жасалып отырады. Сол арқылы банктің капитал жағдайын, өтімділігін, тәуекелге бара алу-алмауын айқындауға болады.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айрбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтанда банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бейімбет Майлин (Құбақан)

Құбақан оң да болды, сол да болды.
Құбақан тарам-тарам жол да болды.
«Оң», «солды» шарласа да шарты келіп,
Жылтырақ қара портфель.....
Өлеңдер
Толық