Отырар қаласының ортасында орналасқан әдемі сарайдың кең, салтанаты жарасқан қонақ күтетін бөлмесіндегі биік те үлкен үстелдегі қазақи мол дастарханның төрінде ел арасында Қоңыр атты қолбасшы аталып кеткен Отырар қаласының әскербасы Махмұт отыр. Дастарханды айнала қолбасшының көп балалы отбасының барша мүшелері жайғасқан. Махмұтқа қарама-қарсы жақта Махмұттың келіншегі Ботагөз ағаш тегенедегі сары қымызды ағаш ожаумен жайлап сапырып отыр. Әкесінің оң жағында ұлдардың ең үлкені Әбунасыр, сол жағында қыздардың ең үлкені Айсұлу орналасқан. Махмұттың Әбунасырдан кейінгі.....
- Бір күні Брежнев Олимпиаданы ашып жатқан ғой. Содан сөзін бастап жатып "О" дейді. Жұрт ду қол шапалақтайды. Екінші рет тағы да "О" дейді. Жұрт тағы да ду қол шапалақтайды. Үшінші рет "О" дегенде, жұрт тым-тырыс. Сол кезде көмекшілерінің бірі жүгіріп келіп: "Леонид Ильич, сіздің оқитын текстіңіз төменгі жағында. Сіз Олимпиаданың эмблемасын оқып тұрсыз", - депті.
Бірақ Қалдыгүл Нағи айтқан бұл анекдотқа күлген жоқ.
- Құдай, сол мазақ қылғаның мен болсын! - деді.
- Не, сен Брежнев пе едің?
- Сол менің оқымағандығымды бетіме басып отырсың ғой. Сен оқыдың ғой, ал! Оқығанда, бірдеңе бітіріп жатсың ба?!
2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» -деп атап көрсетті.
1992 жылы 4-ші маусымда тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл жылдар ішінде біздің көк байрағымыз Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінің алдында дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер туларының арасында желбіреп тұрды. Атлантта өткен олимпиадалық ойындарда жеңіске жеткен қазақстандық спортшылар құрметіне шырқалған әнұран есімізде. Ұлттық валютамыз-теңгенің банкнотында тұңғыш елтаңбамыз көрініс тапты. Тұңғыш қазақстандық ғарышкерлермен бірге ғарышта болған мемлекеттік рәміздер еліміздің тарихының бір беттері.
Қазақ ұлтында теңіздің жағаға толқып соққан толқындары секілді ,толқын мінезді патриот ұлдары мен қыздары бар. Олар өзінің еліне отансүйгіштік ,ұлтжандылық қасиетімен «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» деп халыққа қызмет етіп , отаншылдықтың, ұлтжандылықтың айнасы бола білетін азаматтар. Қазақта ел бастаған көсем де, топ алдында сөз сөйлеген шешен де, қаламы жүйрік жазушы да, ойы асқақ данышпан ғалым да, кеудесін оққа тосқан батыр да, топтан озған спортшы, әнші де бар. Бұлар қазақтың нағыз патриоттары! Автор.
Қазақ ұлтының - ақ таңы арайлап атып,көгінде қыран құсы самғаған, төрінде көк туы желбіреп, бәйтерегі аспанмен сырласқан ,дүние жүзінде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта тұратын көп ұлтты өз құшағына сыйдыра білген ауызбіршілікті, кең пейілділік пен тұрақтылықты ту еткен ұлтжанды, отансүйгіш ,дархан халық.Қазақтың шаңырағы биік, керегесі кең, терезесі тең ұлт болып қалыптасуында ең бірінші патриот ұлдары мен қыздарының орны ерекше аталып өтілуі тиіс. Ол үшін тамыры тереңге жайылған тарихқа көз жүгіртуді жөн санадым.
Біздің ең алғашқы түркілерден шыққан ел билеушіміз Білге қаған түрік еліне 19 жыл билік құрып, ұлтарақтай жерімізді атқа отырып, қолына қару алып қызғыштай қорғаған. Көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітіп, бейбіт дәурен орнатқан. Түркі халқы үшін түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, інісі -Күлтегінмен бірге халықты татулыққа шақырып, жалаңаш халықты тонды,кедей халықты бай, аз халықты көп қылған патриот көшбасшы.
Бұдан кейінгі жылдарда қазақ хандығы (XV ғ.) 550 жыл ішінде
Қазақтың тұңғыш ханы - Керей ханнан бастап соңғы ханы – Абылай ханның немересі Кене хан, Қасым сұлтанға дейін еліміздің өркендеуіне өмірі мен қызметін арнаған ,ұлт тұтастығын сақтаған , елге аянбай қызмет еткен патриоттар екендігін біреу білсе, біреу білмейтін де шығар.
Ал Ұлы Отан соғысы жылдар аралығындағы соғыста ұлдарымызды айтпағанда, Әлия, Мәншүк , Хиуаз сиақты батыр қыздарымыздың өзі қан майданда ерлікпен шайқасып,кеңес одағының батыры атағын алып, жеңістің туын желбіретіп ,өз аттарын алтын әріптермен жазды. .....
Жас отауда бақыт таңы атқан күн (Жас жұбайларға тілек)
Құрметті Жас жұбайлар!
Сіздер дәл қазіргі уақытта Отбасы атты жаңа да жас мемлекеттің тең құқықты қожайынына айнала алдыңыздар. Осынау жолда өмір сіздерге қуанышы мен қызығын қатар ұсына отырып, қос жүректе бірдей лаулаған сезімдеріңіздің беріктігін де сынаққа салуды ұмытпайды. Сол сынақта сіздердің Махаббаттарыңыз Өмір теңізіндегі жұбайлар мінген бақыт кемесінің ұдайы желбірер желкеніне айнала берсін!
Ұлағатты ұл, ұяты бар қыз өсіре отырып, олардың бақытты болашағына қиял патшалығында сан рет, тіпті ұйқысыз түндерде ой жүгірткен қос ата-ананың көз алдында дәл қазіргі сәтте олардың өз перзенттерінің жүрек қалауымен қалап тіккен Ақ Отауы пайда болды. Бақытты жұбайлар, бұл - сіздердің отауларыңыз. Сол отауларыңыздың шаңырағы сіздердің асқақ армандарыңыздың белгісіндей болып биіктей берсін, сол отауларыңыздың іргесі сіздердің селкеусіз сенімдеріңіздің көрінісіндей болып бекісін, көңіл төрлеріңіздің кеңдігіндей керегелеріңіз керілсін, мақсаттарыңыздың нық көрінісіндей болып уықтарыңыз шаншылсын, сол отаудың үзігі бір-бірлеріңізге деген жан жылуындай жылы да берекелі болсын, түңліктеріңізден құйылған нұр риясыз күлкілеріңіздің көрінісіндей сәулесін төксін! .....