Өмірдің мәні - отбасым!

Әр адам өмірдің мәнін, оның құндылықтарын түрлі мағынада елестетеді. Біреу үшін ол – көп ақша, екіншілер үшін қымбат көлік немесе шетелге саяхаттау, тағы біреулер үшін бағасы адам құнынан да артық әшекей бұйым. Мен жоғарыда аталғандарды өмірдің құндылықтары деп айтпас едім. Себебі олар – материалдық құндылық. Кейде осы екеуінің арасын ажырата алмай, талай адамның қателесіп жүргеніне куә боламыз. Бұл дүние бүгін бар да, ертең жоқ. Менің өмірімнің мәні – отбасым. Олар маған миллиардтаған ақшадан да қымбат, бағасына неше карат гауһар жүзіктер де жетпейді. Осы өмірдегі мен арқа сүйейтін адамдар – әкем, анам және бауырларым. «Бірінші көрнектілік – отбасы, ошақ қасы» дегендей менің бар байлығым, ай, күнім осы жандар. Жаңа туған жас балаға айтылатын әлди сияқты, мен де осы күнге дейін асыл әкем мен ардақты анамныңқамқор әлдиінде тербеліп келемін. ......
Эсселер
Толық

Менің отбасымның тарихы Шытты ауылы

Осыдан жетпіс жыл бұрын Фашистік Германия Кеңестер Одағына соғыс ашты. Көз алдыңызға алаңсыз бейбіт күнді елестетіп көріңізші. Сол бейбіт күннің бір сәтте тас-талқаны шықты. «Соғыс» деген сөз дүниені дүр сілкіндірді, жан түршікті. Қазір сол күндер бізден қанша алыстаса да, қасіретті күннің жаңғырығы санамызда жаңғырып, ауыр ойдан жүрегіміз сыздайды.
«Ер басына күн туса, етігімен су ішер, ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер», - дегендей елдің амандығы үшін ерлер майданға аттанды. Мұздай қаруланған фашистік Германия шабуылы өте жойқын болды. Жау біздің әскерлерге әуеден құтырына шабуыл жасады, майдандардың түйіскен жерлеріне қуатты танк топтарын төкті. Солтүстік-Батыс, Оңтүстік-Батыс майдандарда жау әскеріне қарсы тұру қажыр-қайратты, күшті талап етті. Неміс-фашистері Ленинградты қоршап, Киев маңындағы әскерлерімізді қиратып, содан кейін Москваны аламыз деп жоспарлады. Фашистер Ленинградты қоршауға алды. Бірақ, Ленинград майданының құрамы, Қызыл Тулы Балтық флоты және қаланың тұрғындары революция бесігін жау қолына бермеуге ант етті. Олар анттарын абыроймен орындады. Ленинградқа қарай қаптаған немістердің танк тобы қатты соққыға ұшырап, едәуір әлсіреді. Мұның өзі ұрыстың бұдан кейінгі дамуына айтарлықтай ықпал етті, өйткені жау Ленинградты алысымен танктерді Москваға қарай қаптатпақ еді.
Ия, 1941 жыл өте ауыр жыл болды. Ленинградты қоршаған жау Москваға да қауіп төндірді. Москва түбегіндегі қанды шайқаста Қазақстанның 316-атқыштар дивизиясының теңдесі жоқ ерлігі бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. 316-атқыштар дивизиясының батальон командирі аға лейтенант Бауыржан Момышұлы бұлтта ойнаған жасындай Москва түбіндегі шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігімен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды. Қазақ халқының ұлттық батырына айналды.
Соғыстың алғашқы айларында болған оқиғалар, әсіресе, Москва үшін болған шайқаста жеңіске жету ел басына күн туған қиын сәттерде бүкіл халық Отан қорғау ісіне жұмыла алатын күш-қайраттың иесі екенін көрсетті. .....
Шығармалар
Толық

Балабақша тәрбие сағаты: Мен және менің отбасым

Сабақтың мақсаты:
1. Халқымыздың салт-дәстүрі,әдет-ғұрыптары жайлы білімдерін дамыту, ата-ана шығармашылығын ұштау, балалардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта түсу.
2. Балабақшамен ата-ана бірлігін нығайту.
3. Отбасы–Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке, ата-аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу...
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Біздің отбасымыз ойыны

Сабақтыі мақсаты: Балаларды отбасы мүшелері түсінігімен таныстыру.
Балаларға білім беріп,олардың өй-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын байыту. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу,суретке қарап әңгіме құрау.
Әдістер-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,сөздік.
Қажетті көрнекі құралдар мен қажетті құрал-жабдықтар: отбасы туралы суреттер.
Сөздік жұмыс: ата,әже,әке,ана.......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Менің отбасым (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақ тақырыбы: Менің отбасым
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу)Т/А 4 Астарлы мағынаны болжау.
О1 Ақпаратты түсіну.
Сабақ мақсаттары: Сөйлеу қабілетін дамытады және тірек сөздерді дұрыс қолданады.
Берілген ақпаратты түсінеді.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Өз отбасымның шежіре ағашын жасаймын (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақ тақырыбы: Өз отбасымның шежіре ағашын жасаймын7
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған және нақтылау сұрақтарын қою, оның жауабын мәтіннен таба білу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап беруді біледі.
Көптеген оқушылар: Мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырып, жауап бере алады.
Кейбір оқушылар:Мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырып,жауап беріп,өз ойын дәлелді түрде түсіндіре алады.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Менің отбасым және достарым Өмірбаян жаза аламын (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақ тақырыбы: Менің отбасым және достарым. Өмірбаян жаза аламын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.3.1.1 тірек сөздерді пайдаланып, жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу
2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Тірек сөздерді қолдана алады;
Оқушылардың көпшілігі:
Суреттерді қолданып сөйлемдер құрай алады.
Кейбір оқушылар:
Тақырыпқа қатысты ойын білдіре алады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

№ 1 сабақ Отбасым өнерлі (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: № 1 сабақ Отбасым өнерлі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
2. Сурет бойынша әңгіме құрап, сұрақ-жауап құру.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздермен сөз тіркестерін құрайды, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сурет бойынша мәтін құрайды, сұрақ-жауапқа қатысады.
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Менің отбасым І дыбысы мен әрпі (1 сынып,4 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем»
Тақырып: Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 1.3.8.1.Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
1.2.1.2.Оқудың түрлерін(буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар білу керек:
Дыбыстық талдау жасау арқылы сөз құрайды. Сөйлемді тұтас оқиды.
Көпшілігі:
І дыбысының баспа және жазба түріндегі айырмашылықты біледі, сөздерді буындап, тұтас оқуға дағдыланады.
Кейбір оқушылар:
Буындап оқиды. Бас әрпі мен кіші әрпін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Өлең не туралы?
- Атасыі кім болып жұмыс істейді?
- Ол не үшін мектепке барады?.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Менің отбасым Қ дыбысы мен әрпі (1 сынып,3 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Сөздің буын санын анықтайды
Кейбірі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық