Өзен кен орнының геологиясы

Өзен кен орындарында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрылымында триас, юра, бор, полеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина үлгітастарын зерттегенде алынған полионтологиялық мәліметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаратаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофаунамен т.б. зерттеу арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр.
Өзен кен орының мұнай-газдылығы юра және кейде бор шөгінділерімен байланысты. Кен орнының геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. І-ХІІ горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы бор – газды, ХІІІ-ХVIII горизонттар – жоғарғы және орта юра – кен орнының негізгі мұнай – газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның ХІХ-ХХІV горизонттары мұнай – газды.
Пермь – триас шөгінділері Өзен кен орнының ең кәрі жыныстары болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Маркетинг | Теория негізінде «Adramit Akros» кәсіпорнының баға және баға белгілеу

КІРІСПЕ
Барлық коммерциялық және коммерциялық емес мекемелердің
Алдында өз тауарлары мен қызметтеріне баға қою міндеті турады. Баға көптеген әртүрлі ипостас түрінде болады. Бізді барлық жағымыздан бағалар қоршауда. Үй ішін үйақы, оқу үшін-оқуақы, дәрігерге не дантистке сыйлықақы төлеиміз . Әуежелілері , темір жол , такси және автобус біздерден жол чиновнігінің пара алғанын, ұры – қарының сіз болған кәсіпкерлік ассоциацияның мүшелік взностарын ұрлағанын айтқаны үшін гонорар,ойланылмаған шығындарды жабу үшін задаток алады. Басқару қызметін атқарушының“бағасы”- оның алатын комиссиясы. Жұмысшы бағасы – оның айлығы. Және, соңында, табыс салымы көпшілігіміз үшін біздердің ақша жасау құқы үшін төлейтін бағамыз екенін экономистер мойындағысы келмейді. Осы дипломдық жұмысымның мақсаты – фирманың маркетинг қызметіндегі баға және баға саясатын ЖШС «Adramit Akros» мысалында терең зерттеу. Бағаны қалай белгілейді? Тармхи жағынан қарайтын болсақ, бағаны сатып алушы мен сатушы бір-бірімен келісу жағдайында белгілейді. Сатушы өзі аламын деген шамадан жоғарырақ баға атаса, ал сатып алушы өзі төлеймін дегенімен төменірек береді. Ақыр, аяғында саудаласу нәтижесінде өзара келісілген бағаға тоқтайды. Тарихи сатып алушының таңдауын анықтайтын негізгі факторге ылғи баға жатқан. Бұл жағдай жарлы елдердегі кедей адам топтарына азық- түлік сияқты көпшілік тұтыну тауарлары үшін маңызын жоймаған. Дегенмен, соңғы онжылдықтарда сатып алушының таңдауына өткізуді ынталандыру, тауарды таратуды ұйымдастыру және клиенттерге көрсетілетін қызметтер сияқты бағадан тыс факторлар әсерлерін бірқатар көбірек тигізетін болып отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Гамма теңіз кен орнының II - объектісі бойынша мұнай өндіру

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы үшін ең басты экономикалық мәселе-материалдық-техникалық базаны жасауда маңызды роль ауыс индустрияға тиесілі, және оның ішінде алдымен энергетика, қара металлургия, мұнай, газ, химия және мұнайхимия өнеркәсіптері, машина жасау.
Қазіргі кезде материалдық өндірістің бірде-бір саласы мұнай мен газ өнеркәсібінің өнімін пайдаланбай дами алмайды.
Мұнай мен газдың мұнайхимия өндірістерде шикізат ретінде қолданудың өсуіне байланысты мұнай мен газ өнеркәсібінің ары қарай жетілуі қарастырылган.
Өндіру тиімділігін жоғарлатуға рационалды игеру жүйелерін қолдану, бұрғылау жұмыстарының технологиясын жетілдіру, олардың техникалық жабдықталуын жақсарту, қабаттар мұнайбергіштігін арттырудың қазіргі жаңа әдістерін кеңінен еңгізу және прогрессивтік технологиялық процестерді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.
Қазіргі кезде су айдау — мұнай кен орындарын пайдаланғанда қолданылатын ең негізгі әдістердің бірі. Су айдаудың әртүрлі әдістері болады, бірак олардың әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Жобалау кезінде су айдау жүйесін таңдау толығымен кеңіштің құрылысына байланысты.
Гамма кен орны өнеркәсіптік игеруге 1985 ж берілген. 1998 ж мұнай өндіру жоспары орындалған жоқ, бұған ең басты себептердің бірі игерудің басынан бастап ұсынылған жобалық технологиялық ережелердің сақталмауы (су айдауға көшірілудің тым кеш болуы, әсіресе ыстық суға).
Дипломдық жобада гамма кен орнындағы осы және басқа да проблемалар шешімдерін табу көзделген.
Әрбір жеке бөлшектің өндірістік мүмкіндікгері мен игерудің тиімділігі анықгау сол бөліктің геологиялық негізіне, оны игерудің ұсынылып отырған жүйесіне сүйенуі керек. Одан басқа, бөліктен өндірілетін мүнайды мемлекет пен инвестор арасында бөлу шарты, сондай-ақ салықгар мен төлемдер шамасы анықталу керек
1 ТЕХНИКО – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Геологиялық және экономикалық жағдайлар
Гамма теңіз кен орны Қазақстан Республикасының Жезқазған облысы Жезді ауданында орналасқан жақын елді-мекен теміржол шоғыры жасалы аудан кен орнынан 159 километр қашықтықта орналасқан. Орталық областары кен орнынан Қызылорда 200 километр, Жезқазған 174 километр қашықтықта орналасқан. Кен орнынан шығысқа қарай 116 километр қашықтықта тас жолы өтеді. Қызылорда-Жезқазған линиялық электр жүиесі кен орнынан 20 километр аралықта өтеді. Кен орнынан 230 километр шығысқа қарай Омск, Повлодар, Шымкент мұнай құбыры тартылған. Техниқалық жұмыстар мен ауыз суға тереңдігі 80-100 метр жоғарғы бор су қабатынан алып пайдалынады. Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екені анықталып ауыз суды кен орнынан 60 километр қашықтықта орналасқан су скважинасынан тасымалдап әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайы нашар дамыған. Кен орнында тек тас жолы бар, жаз, күз мезгілінде бүл жолменен барлық көліктер түрі емін-еткін жүре алады. Ал қыс мезгілінде қардың үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды. Гамма теңіз кен орнының географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 метр биіктікте орналаскан, негізінен бүл жер қырлы болып келеді. Ол нақты бедер белгілерімен белгіленген. Алаңнан Оңтүстіккке қарай құмды Арысқұм массивты орналаскан және жартылай бекітілген түйіршік бүдір құмнан құралған. Арыс тұзды көлі толық кеуіп қалған. Батысқа қарай 15 километр жерде орналасқан 70-80 метр Чинк биіктігі өзгермейтін тегіс жердің көтеріңкі платасы 150-200 метр бедер белгісі бөліп тұр. Ауданның ауа-райы тез өзгермелі, мезгілімен тәуліктік ауаның температура тербелісі ылғалдылығы өте тапшы және аз мөлшерде отырады. Жазда ең үлкен температура +30° +35° с
ыстық, қыста -38° -40° аяз. Жыл бойындағы түсетін ылғал мөлшері 150 мм дейін, негізінде қыс, күз мезгілдерінде түседі.
Оңтүстікке ағып жатқан Сырдария өзені кен орнынан 210 километр қашықтықта орналасқан. Жануарларды суару үшін алаңға жақын жерден Қызылорда гидрогеологиялық экспедициясымен өзгермейтін тегіс жерден артезиан скважинасы бурғылынған.
Қазіргі кезде ГӨБ (ПГО) «Южказгеология» кен орны аймағында құрылыс материалдары бар екені анықталды.
1.2 Ауданның геология-геофизиқалық зерттеу тарихы
Оңтүстік-Торғай ойпатының тиімділігі 1970 жылдың басқы кезінде жоғарғы Полеозой шөгінділерімен байланысқан. Ол гравитациялық өлшеміне мәліметтерімен негізделген магнитті және геологиялық түсірген масштабы 1:500000 және 1:200000 аналогиялық Қостанай седловинасы бойынша Чу-Сары депрессиясымен аймақтық сирек тарабындағы сейсмологиялық кескінің жүмысын орындап болғаннан кейін Арысқұммен КМПВ және жыланшық ғылыми геологиялық зертеулер жұмыстар нәтижесінде Юра-триас грабень синклиналы (68-72) және мезозой қимасында тиімдігі жатады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Жаңажол кен орнының солтүстік күмбезіндегі фонтанды ұңғылар

КІРІСПЕ
Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындарының бірі болып табылып, әсіресе энергетикалық саласының дамуына ерекше зор үлесін қосады. Жалпы, мұнай өнеркәсібі ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, ауылшаруашылығының және траспорттың дамуын жеделдетеді.
Қазақстан Республикасы - мұнайгаз және газконденсат кен орындарына бай мемлекеттердің бірі. Ал, басым көпшілігі Республиканың батыс бөлігінде орналасқан, соның бірі Жаңажол кен орны болып табылады.
Осы «дипломдық жобаның» негізі болып отырған Жаңажол кен орнында өз мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістері қолданылып игеріледі.
Жаңажол кен орны 1981 жылдан бастап өндірістік игерілуге берілді.
Қазіргі уақытта мұнай, газ карбонаттар қабаттың, яғни КТ-1 және КТ-11-нің 8 бөлігінен игерілуде. Оларды шартты түрде «А», «Б», «солтүстік В», «оңтүстік В», «Г-111», «Дв», «Дн», «Д-111» индекстерімен белгіленген.
Осы «дипломдық жоба» жұмысында Жаңажол кен орнының КТ-1 қабаттың солтүстік күмбезіндегі «В» бөлігін, яғни «солтүстік В» бөлігін игерудің технологиялық режимдеріне, кен орнының фонтанды қондырғылармен игерілуіне талдау жасап, осы фонтанды игеруге керекті фонтанды көтергішті талдадым.
Жазылған дипломдық жұмысым осындай кен орнының негізгі мәселелеріне талдау жасауға арналған.

1. ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Кен орын туралы жалпы мағлұмат
Жаңажол кен орны Орал үстірті аймағындағы Мұғаджар тауымен Ембі өзені арасында орналасқан. Әкімшілік басқаруы жағынан Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мұғаджар ауданына қарайды.
Жергілікте жер рельефі дөңес қыраттардан, сайлардан құралған және плюс 125-тен плюс 270 метрге дейінгі абсолюттік биіктігімен ерекшеленеді. Ең кіші минималды белгісі Ембі өзеніне қарай, яғни кен орнының оңтүстік-батыс бөлігіне қарай еңіс келеді және сол Ембі өзені Жаңажол кен орнынан оңтүстік-батысқа қарай 2-14 шақырымға созылып жатыр. Өзен суы минералданған, сондықтан техникалық қажеттіліктерге құдық сулары пайдаланылады. Құдық және Ембі өзенінің суларының деңгейі 2 метр және одан да жоғары болып келеді.
Аудан климаты құрғақ, кенеттен өзгермелі. Сондықтан қатар ылғалдылығы өте төмен. Қыс мезгілінде температура минус 400 С-қа дейін жетеді. Ең суық айларына қаңтар, ақпан айлары жатады. Алғашқы қар қарашаның ортасына таман түсіп, наурыз айының аяғына дейін жатады. Орта жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері көп емес, ол жыына 120-140 мм шамасында. Ең ыстық айлары шілде, тамыз айлары жатады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорнының қызметі мен еңбек ақы жүйесін талдау

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік -еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.
Жоспарлы жүйе жағдайында қалыптасқан еңбек ақыны төлеу мен еңбекті ынталандыру жүйесі жұмысшы күшінің тауарлық сипатын мойындамауға негізделді, ал жұмыскер жалпы халықтық әлеуметтік меншіктің иесі деп қарастырылды. Сол себептен осы кезеңде еңбек ақы жұмыскердің жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес оған бөлінетін ұлттық табыстың бір бөлігі ретінде қарастырылды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық