География | Жаңажол кен орнындағы ілеспе газды толық утлизациялаудың жаңа жобасын жасау

КІРІСПЕ
Мұнай және мұнай өнімдері біздің еліміз үшін негізгі экспорт көзі болғандықтан мұнайдың дүниежүзілік бағасы макроэкономикалық параметрлердің маңызды бірі болып табылады. Сыртқы рыногтағы жағдай қазақстандық мұнай компанияларының жағдайына да өз әсерін тигізеді. Мұнайдың дүниежүзілік бағасының дағдарысы тек қана мұнай өндірісіне ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның бүкіл экономикасына қауіп төндіреді. Себебі, көптеген ұңғымалар қор бөлігінің қайтарымсыз жоғалтуларымен тоқтатылады. Осыған байланысты бюджеттің кірісінің азаюы, жұмыс орындарының қысқартылуы, экономиканың барлық салаларында салықтардың көбеюі, т.б. жағдайлар туындайды.
Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады. Еліміз қазіргі таңда дүние жүзіндегі ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына қосылып, дүние жүзі бойынша мұнайдың дәлелденген қорынан-13, газ және конденсаттан-15, мұнай өндіру көлемі жағынан 28 орын алады. Қазақстан дәлелденген қоры және мұнай өндіру көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында екінші, ал газ бен конденсаттың қоры бойынша – төртінші орын алады.
Жаңажол кен орны 1978 жыл ашылған және 1983 жылы пайдалануға жіберілген. Бұл 60 пайыз күкіртсутегі мен көмірқышқылгазды, 10 пайызға дейін парафинді, жоғары газ факторлы кен орны.
Жаңажол кен орны таскөмір жүйесінде қалыптасқан, кеуек пен жарықшақтардан, кеуек пен ұсақ қуыстардан тұратын карбонатты коллектор болып табылады. Кен орынды игеру екі карбонатты қалыңдық бойынша жүргізіледі – КТ-І және КТ-ІІ. Бұл жердегі ұңғымалар мынадай сипаттарға ие: терең, газ факторы жоғары және күкіртті сутегінің пайыздық мөлшері жоғары.
Жаңажол кен орнында мұнай өндіру штангалы терең сорапты ұңғыларды пайдаланады. Мұнайды өндіру кезіндегі кең тараған тәсілдердің бірі –штангалы терең сорапты қондырғы. Бұл штангалы сорап арқылы кіші дебитті ұңғыларды игеруге болады. Арнайы бөлімде де ШТСҚ бойынша технологиялық есепке талдау жасалған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Алматыда Maxima ойын-сауық сауда орталығы қоршауға алынды (видео)

Алматыда Райымбек батыр көшесінің бойында орналасқан Maxima ойын-сауық сауда орталығы қоршауға алынды. Оқиға орнындағы жағдайды Роман Самарский есімді ғаламтор қолданушысы YouTube желісіне жүктеген.
Жаңалықтар
Толық