Зертханалық жұмыс «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау». (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.7 биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау
Сабақ мақсаттары: Ғылыми зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, нәтижелерді түсіндіре білу, басқада топ мүшелерімен зерттеуді талқылау, салыстыру, тұжырымдарды қалыптастыру, топпен жұмыс істей білу, өз пікірлерін білдіру, басқалардың пікірін тыңдау.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Биологиялық нысандар құрамындағы нәруыздар. (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Биологиялық нысандар құрамындағы нәруыздар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Биологиялық нысандардағы нәруыздың мөлшерін анықтау тәсілдерін білу және зерттеу.
Сабақ мақсаттары: Оқушы біледі:
• түрлі азық – түлік өнімдері құрамындағы нәруыздарды анықтаудың сапалық реакциясын біледі;
• түрлі азық – түлік өнімдері құрамындағы нәруыздардың рөлін түсінеді;
• - түрлі азақ – түлік өнімдері құрамындағы нәруыз мөлшерін анықтап, зерттей алады.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жер бетінің табиғи нысандары (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Жер бетінің табиғи нысандары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.2.3.1 Ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен өзендер) шаруашылық маңызын анықтау
Сабақ мақсаттары: Жер бедерімен танысу, олардың шаруашылыққа маңызын анықтау......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау (9 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Литосфера
Сабақтың тақырыбы: Географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау
Оқу мақсаттары: 9.1.1.3 географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды
Сабақтың мақсаттары: географиялық нысандар мен құбылыстарды анықтаудың әдістерін біледі
физикалық және саяси карталарды қолданып, географиялық нысандарды анықтай алады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Географиялық нысандарды үдерістер мен құбылыстарды картадан көрсету тәсілдері (9 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Литосфера
Сабақтың тақырыбы: Географиялық нысандарды үдерістер мен құбылыстарды картадан көрсету тәсілдері
Оқыту мақсаты: 9.2.1.1 маңызды қазақстандық географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көрсету барысында сипаттайды
9.2.1.2 Қазақстанның географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді
Сабақтың мақсаты: Оқушылар қазақстандық географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан анықтай алады. Географиялық үдеріс пен құбылыстар бойынша картосхема/ инфографика түрінде ұсынады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстанның басты орографиялық нысандары (9 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Литосфера
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның басты орографиялық нысандары
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 9.3.1.2 Қазақстанның басты орографиялық нысандарын сипаттайды
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның орографиялық нысандарын картадан анықтап сипаттай біледі.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Құқық | Мемлекет нысандары

Басқару нысаны мынадай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:
• Мемлекеттің жоғарғы органы қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
• Жоғары және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
• Жоғарғы мемлекеттік билік пен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
• Жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы белгілерге байланысты 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан республикасы Конституциясының 2-бабына байланысты «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет». ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасында қолданылатын қолма қолсыз есеп айырысу нысандарына сипаттама

Банктің есеп айрысу - кассалық операциялары екі формада жүзеге асады : қолма-қол ақшалар және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу.
Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар – бұл нақты ақшалармен төлемдер және аударымдар жасауды сипаттайды.
Мұндағы нақты ақшаларға : банкноталар және монеталар жатады. Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар көбіне кассалық операциялар көмегімен іске асады.
Есеп айырысу операцияларының басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді.
Қолма – қолсыз ақшалармен есеп айырысулар - клиенттердің банкте ашқан шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа аударылатын төлемдердің жиынтығы.
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, шәкіртақы, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.
«Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен №179 Қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:
1) төлем тапсырмасы;
2) төлем талап-тапсырмасы;
3) инкассолық өкім;
4) чекпен есеп айырысу;
5) вексельмен есеп айырысу;
6) төлем карточкаларымен есеп айырысу.


Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға тиіс:
1) төлем құжатының атауы;
2) төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;
3) ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;
4) ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;
5) бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;
6) бенефициар – банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;
7) төлемнің тағайындалу коды;
8) санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;
9) төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);
10) бенефициардың және ақшаны аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері(СТТН).
Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторы – төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы» ҚР Ұлттық банктің Басқармасының бекіткен №388 Қаулысына сәйкес болуға тиіс.
Төлемдердің тағайындалуының бірыңғай классификаторы толтырылатындарға мынадай төлем құжаттары жатады:
1) төлем тапсырмасы;
2) төлем талап-тапсырмасы;
3) салық (кеден) органдарының инкассолық өкімі;
4) аударуға берген өтініші. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Халықаралық несиелер нысандары және түрлері

Кіріспе.
Қазақстанның әлемдік экономикаға сай ойдағыдай жүргізу – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі.
Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам байімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз. Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар жаһандық экономикаға кіргізуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық – географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресуртарымыздарға сүйенеді. Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық «серпілісті» әлемдік экономикаға кіргізудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, мен мынадай бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын. Біз түпкі өнімдерін экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, мұнай – газ, көлік саласында және машина жасау мен метталургиядағы, химия мен өнеркәсіп кешеніндегі басқа да ішкі салаларда бірлескен кәсіпорындар құруға және дамытуға арқа сүйеуіміз керек.
Алдымызда халықаралық ұйымдадың белсене қатысумен биотехникалық орталықтар: өңірлік ІТ – орталық ретінде ақпараттық технологиялар паркін дамыту міндеті тұр.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Түрлі меншік және шаруашылық нысандары

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының егемендік қатынасқа өтуіне байланысты нарықтық қатынастардың қалыптасып, күннен күнге дамуының алғышарты жоспарланған мемлекеттік меншікті жеке немесе ұжымдық меншікке айналдыру қажеттігі болып табылады.
Меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.
Меншік – тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр. Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің айрықшылықтары бар болатындықтан, түрлі иемдену нысандарын немесе меншік нысандарын ажыратады. Оларға:
1) жеке иемдену нысандары;
2) ұжымдық иемдену формалары;
3) қоғамдық иемдену нысандары жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық