Мәңгілікке желбіресін жеңіс туы

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәнгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Біздің ата – бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп; біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отан сүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын.
Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегін жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынанн, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Ашаршылық пен ауыртпашылық бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан куннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек. Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті......
Шығармалар
Толық

Бейбітшілік мәңгілікке орнасын

«Айда аяқ жоқ, жылда жілік жоқ», - дегендей, желдей есіп, «Ұлы Жеңістің 71 жылдығына» да аяқ бастық. Ұлы Жеңіс күнін жанқиярлық ерліктерімен, қорқыныш сезімі билемей жақындатқан, Отаны үшін жан қиған жауынгер ата-апаларымызбен мақтанамын. Иә, Ұлы Жеңістің бізге оңайлықпен келмегенін тарих беттеріне салған соғыстың бедерлі-іздерінен айқын да анық байқауға болады. 1941 жылдың 22 маусымының мамыражай күні фашистік Германия шырт ұйқыда жатқан елімізге тұтқиылдан өзінің жасаған жоспарымен шабуыл жасады. Бұл соғыс ешкімді де елеңдетпей қоймады. Жауға тойтарыс беру үшін Республиканың түкпір-түкпірінен жауынгерлер «Өліспей, беріспейміз!», «Отан үшін қаныңды төксең де, арыңды төкпе», - деген ұранмен соғысқа аттанды. Отанды қорғау үшін Кеңес Армиясының қатарына үстіне сұр шинелін киген қаншама қаракөз боздақтарымыз да майдан даласындағы оққа кеудесін тосты.
Бұл жауынгерлер әр отбасының тірегі: бірінің сүйген жары, бірінің қимас бауыры, бірінің бауыр еті баласы, енді бірінің асқар тау әкесі еді. Арқа сүйер азаматтарын соғысқа аттандырарда сол ата-апаларымыз осылардан қаралы хат келеді-ау,- деп ойлады ма екен? Жоқ, олай ойлай қоймаған шығар. Қайта жігерлендіріп, сенім білдіріп, аман-есен елге жеңіспен оралуын жандарын шүберекке түйіп, тілеген болар.
Ел басына осылай күн туған шақта тылда қалған апа-аналарымыз белді бекем буып, білек сыбанып қара жұмысқа кіріскені, бейнетпен иығы иіле жүріп, майдандағы ер-азаматтың тілегін тілеп, сұрапыл жаудың бетін қайтарып отырған әскерлерді киіндірген де, азықпен, тіпті, оқ-дәрімен қамтамасыз еткеніне өзіміз оқыған көркем шығармалар мен ардагер атаәжелеріміз айтқан естеліктері дәлел. Елде қалған шал-кемпір, қатын-қалаш та бір кісідей жұмылып , «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін!» - деп, тыным таппай күні-түні еңбек етті. Бұрын үйден шықпаған аналарымыз соқамен жер жыртты, өгіз айдады, трактор рөліне отырды.......
Шығармалар
Толық