Бақыттың кілті

Кез келген адам: қарапайым малшы да, ұлағатты ұстаз да, ел басқарған əкім де, кішкентай бала да, еңкейген қария да бақытты өмір сүргенді қалайды. Бірақ əркім бақыт дегенді əр түрлі түсінеді. Біреу үшін бақыт жоғары қызмет болса, енді біреу үшін дүние-мүлік, асқан байлық болуы мүмкін. Тағы біреулер үшін бақыт - денінің саулығы, отбасы мүшелерінің амандығы, елінің тыныштығы.

Адамдар бақытты болғысы келеді: бір-біріне "баянды бақыт" тілейді, ғұмыр бойы бақытқа жету жолында ізденеді, тынымсыз еңбек етеді. Алайда əркім шынайы бақыттың қадірін сезіне біле ме?

Кейде шалқып-тасып өмір сүріп жатқан адамдарды көріп: "Не деген бақытты!"- деп, ауыр тұрмыстың зардабынан қиналғандықтан, дəулетті болсақ, қиыншылықтан құтылып, жақсы өмір сүріп кетеміз деген үмітпен қызығып қарайтын кездеріміз де болады. Денсаулығымыз сыр бере бастағанда, қол-аяғы бүтін, денсаулығы мықты адамдарды көріп: "бақыттың қадірін түсінсе екен", - деп ойлаймыз. Биік белестерді бағындырып, жетістікке жеткен, ел құрметіне бөленген жандарды "қандай бақытты" деп есептейміз. [justify][/justify]....
Эсселер
Толық

Қалижан Бекқожин (Ақиқат кілті)

— Женева! — Сұлу қала, маңы ғажап,
Саяхат еткендерге жаны қалап.
Орманнан тыңдап жырын әнші құстың,
Екі жан келе жатыр көл жағалап.
Серуен, жағада жұрт жабырласқан,
Алуан тілдер мұнда да жамырасқан.
Бетінде біреулердің жұлдыз ойнап,
Жандар көп ақ жүздерін зәбір басқан
Жан сауға саясындай осы бір жақ,
Болатын қуғындарға таса, тұрақ
Тоғысқан мұнда нелер өрен ойлар,
Асылдай әр қиядан түскен құлап.
Бар шығар жасағандар саяхатты,
Судай бір сапырғандар саясатты. .....
Өлеңдер
Толық

Тамаша өмір сүрудің 10 кілті

Әрбір халықтың данышпандары бар. Олардың ұлағатты сөздері бүкіл адамзаттың асыл қазынасы. Филипп Хумберт деген атақты психиатр олардың арасынан онының айтқандарын іріктеп алып, бақытқа жетудің жолы деп қарастырған:

1. Өзіңді таны (Сократ).

2. Қалай болсаң сол қалпыңда көрін не сырттай қалай болсаң сол
қалыбыңды сақта ( Мәулана) .

Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңе құлақ сал да оны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін атсалыспасаң, мәртебең түседі.......
Кеңестер
Толық

Жұмақтың кілті ананың табанының астында

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Жазсам егер екі жыр-бірі саған

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

М.Мақатаев

Ана - Құдайдан кейінгі құдірет иесі. Дүйім дүниенің тұтқасын ұстап, күн нұрынан артық жылы шуақ шашпаса, кем түспесі анық. Жанарымен жалғанға жылу беріп, пенде атаулының барлығына жүрегіндегі жұмсақтықты арнап, аялы алақанына салып, бала аяғын жерге тигізбей жүрген де – ана емес пе?!......
Шығармалар
Толық

Ақша шақыратын ырымдарды білесіз бе?

Қай ұлттың ырым-жоралғылырын алсаң да ақшаға деген ерекше қатынасты байқайсыз. Барлығында да бір мақсат - ақша тапшылығын көрмеу, оны керісінше - көбейту. Ақшаның сиқырлы күші немесе энергетикалық қасиеті бар екендігі жайында соңғы кездері көп айтылып жүр. Қолыңызда миллион теңге тұрып.......
Кеңестер
Толық