Экономика | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

Қазақстан экономикасы әкімшіл-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті.Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру,қаржылық,несиелік саясат,құнды қағаздар нарығын құру,жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау,шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес,оның мәні-экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы екендігінде.Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс.Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадамы болып табылуы мүмкін.
Бұл зерттеудің өзектілігі соңғы уақытта кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеп кетуінен туындап отыр.Қайта құрылған кәсіпорындардың көбісі барлық мүмкін болатын нұсқауларға,салықтарға,шектеулерге шыдай алмай жабылып қалды.Тек шағын фирмалар ғана емес, сондай-ақ ірі өндірістік алыптардың да жабылып қалу қаупі бар.Кәсіпкерлік әзірге экономиканың белсенді қоректендірушісі бола қойған жоқ, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Мұндай жағдайлардың себептерінің бірі фирманы тікелей басқару деңгейі мен аймақтық басқару деңгейінің және мемлекеттік деңгейде қамтылған кәсіпкерлікті басқарудың тұтас жүйесінің жоқтығы, сондай-ақ жеке салаларда кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ететін тиімді механизмінің жоқтығы болып ....
Курстық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы