Экономика | Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өнім сапасын басқару

Қазіргі халық шаруашылығы саласында өзара байланысты құрылыс материалдары, өлшеу құралдарының көптеген түрлі заттардың және материалдардың қолданылуына, оларға қойылатын талаптардың қолданылуына байланысты стандарттау саласында мамандар дайындаудың маңызы күннен – күнге арта бастады. Сонымен қатар еліміздің алға қойған мақсаты жақын келешекте әлемдік сауда ұйымына (ӘСҰ) мүше болып кіру. Ол үшін бірінші кезекте, шығаратын өнім сапасын халықаралық дәрежеде бәсекеге түсуге сай болуы керек. Сондықтан стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келешек мамандарға қазіргі өндіріс өнімдерінің сапасын халықаралық деңгейге жеткізуді қамтамасыз ететін талаптар қойып отыр.
Стандарттау өндірісті өнім шығаруға әзірлеу, технологиялық әрекеттер, біркелкі сараптау, өнімдердің дәлдігін, өнім қауіпсіздігін бағалау және оның сапасын басқару бағыттарын қамтиды.
Стандарт – бұл қоғамда бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келушілік негізінде әзірлелетін және танылатын органдардың бекітетін нормативтік құжат. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіріп оқтайлы деңгейге жетуге бағытталады. Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетінсапа жүйесінің бірін-бірі алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық