Экономика | Қаржылық коэффициенттерді қолдана отырып компанияның қаржылық жағдайын талдау

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік – экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс - әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасынын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
"Қаржылық коэффициенттерді қолдана отырып, компанияның қаржылық жағдайын талдау" атты курстық жұмыстың мазмұны – коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамаларды біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Шаруашылық қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын –белілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды.
Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталдарды – негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай күйінің орнықтылығының негізгі оның қаржы тұрықтылығы болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық