Қазақ тілі | ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы, оның әр кезеңіндегі айқындаған тенденциялары әр халықтың гүлденіп өркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің білімге байланыстылығын, жалпы білім саласының маңыздылығын дәлелдейді әрбір мемлекеттің интелектуалдық, экономикалық, парасаттылық және оның даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты екендігін педагогика ғылымы мен білімнің даму тарихы айқындайды .
Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған туындаған талаптарға сай жас өспірім ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады. Әдетте бұл жеке мемлекеттің білім жүйесіндегі реформалармен жалғасады. Жүргізілетін реформалар тереңдігі, ауқымы сол қоғамның білім мәні бойынша алған ұстанымына байланысты.
Қоғам дамуының әр кезеңінде жас ұрпаққа берілетін білімніңққ құрамы мен құрылымына қойылатын жаңа талаптар мен соған сай енгізілетін өзгерістердің сипаты сыртқы және ішкі факторлардың негізінде айқындалады Осы тұрғыдан жалпы білімберу жүйесіндегі бетбұрыстардың себепшісі болып жатқан саяси әлеуметтік,экономикалық өзгеістер, әлемдік деңгейдегі білім берудің жаңашыл үрдістері жатады.
Еліміздегі саяси өзгерістердің нәтижесі болған егемендіктің арқасында білім саласында қоғамның басқа салалары сияқты бетбұрыс басталды. Ең бастысы кең ауқымды ізденістерге бағыт бағдар берерлік нормативтік құқықтық база құрылып, білімберу саясаты айқындалды. Дәлірек айтсақ; «Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңдар мен оларды жүзеге асыруға бағытталған Үкімет қаулылары қабылданды. Аталған заңдар мен қаулыларды жүзеге асыру шаралары аясында «Білім беруді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы дайындалды. Сонымен қатар, кейінгі кезде мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспарларында білім саласының дамуына да үлкен мән берілді. Білім беру жүйесін реформалауға қатысты қабылданған, жоба деңгейінде дайындалған құжаттарда білім беру салаларының мақсат, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын бүкіл әлемдік талаптар тұрғысынан жаңа сапалық деңгейге көтеру және ұлттық болмысқа сай жаңарту көзделген».
Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасында «әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу» -деп атап көрсетілген.
Ал, білім беруді ұйымдастырудың тұжырымдамалық - әдіснамалық негіздеріне келсек, «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасында: «Жалпы білім беретін мектептердің оздігінен дамуының ішкішарты – оның тұтас оқу - әдістемелік жүйесін жасау», - деп атап көрсете келіп, «Мектепті қайта құру барысында ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру, даралап және саралап оқыту сияқты жетекші принциптер басшылыққа алынады» – делінген.Сондықтан жалпы білім беру жүйесіндегі басты ұстанымдардың бірі, ғылымның барлық салаларынан білім беру болды. Сөйтіп білім мазмұнының құрамы мен құрылымын анықтауда пәндік принцип басшылыққа алынды.....
Курстық жұмыстар
Толық