Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФИРМАЛАРЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ТАЛДАУ

КІРІСПЕ
Фирмалар кез келген мемлекеттің халықшаруашылығы кешенінде орталық орын алады. Бұлар қоғамдық еңбек бөлісінің бастапқы буыны. Ұлттық табысты жасайтын солар болып табылады. Фирма өндіруші роль атқарып өзін-өзі ақтау және дербестік негізінде қайталап өндіру процесін қамтамасыз етеді.
Нарық жүйесінде бәрінің де бағасы бар. Адам еңбегінің барлық түрлерінің де бағасы болады – жалақы деңгейі, қызмет көрсету тарифтері т.б. Нарықтық экономика нарық пен бағалар жүйесі арқылы адамдар мен кәсіпорындардың әрекеттерін санадан тысқары реттеуге негізделген. Егер барлық мүмкін нарық түрлеріне талдау жасасақ олардың бәрі де өндіріс пен бағаның тепе-теңдігін сұраныс пен ұсынысты сәйкестендіру арқылы өздігінен реттеп тұратындығына көз жеткіземіз.Сатып алушы мен сатушының ұйғарымдық келісімі арқылы (сұраныс пен ұсыныс арқылы) нарықтық экономика үнемі мына үш мәселелерді шешіп отырады:
1) Не өндіру? — сатып алушы өз ақшаларымен «дауыс беру» арқылы шешіледі (басқаша айтқанда тұтынушының тауарды таңдап оны сатып алуымен);
2) Қалай өндіру? — өндірушілердің арасындағы бәсекелестікпен (бәрі де ең жаңа технологияны қолдануға құштар, себебі сонда ғана баға бәсекесін ұтып пайданы ұлғайтуға және шығындарды азайтуға болады);
3) Қанша өндіру? — нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы және өндіріс факторлары (жұмыс күші мен өндіріс құралдары) арқылы анықталып отырады.....
Курстық жұмыстар
Толық