Экология | Топырақ және оның эрозиясы

Кіріспе
Табиғи себеп –шарттардың әсерінен,сондай-ақ адамның өндірістік әрекетінен пайда болған құнарлыққа ие және өсімдіктің өмірін қалыптастыра алатын,жер шарының құрғақ бөлігінің үстінгі қабатын топырақ деп атайды
.Топыраққа қана тән қасиет құнарлыққа байланысты.Сондықтан топырақ пен құнарлылық егіз.
Құнарлылық-топырақтың мүмкін өнімді қалыптастыру үшін өсімдікті бүкіл тіршілік мерзімінде қажетті қоректік заттармен,сумен және басқа да тіршілік себеп шарттарымен қамтамасыз ету қабілеті.Тау жынысының топыраққа айналуы қабыса және бір мезгілде жүретін екі-мүжілу және топырақ түзілу үрдістерінің нәтижесінде жүреді.
Физикалық мүжілу-бұл тау жыныстары мен минералдың химиялық құрамы өзгермей механикалық майдалануы, үгілуі. Мұндай мүжілудің факторларының бірі болып температураның ауытқуы саналады. Тау жыныстарын құрастыратын минералдардың түстері әр түрлі болады. Сондықтан қара түсті минералдардың көлемі қыздырған кезде, ашық түсті минералдарға қарағанда көбірек ұлғаяды.Салқындатқан кезде олардың көлемі осы кезекпен кішірейеді. Нәтижесінде тау жынысында әр түрлі бағыттағы жарықшалар пайда болады.Бұған тағы да, минералдың көлемдік және ұзындық кеңею коэфориценттерінің әр түрлілігі де ықпал жасайды.Пайда болған жарықшаларға жиналған су қатқан кезде оның қабырғаларына зор күшпен әсер етеді де, тау жынысын жарады. Тұз кристалдары да тап осындай әсер жасайды.Физикалық мүжілу үгітілу нәтижесінде тау жынысы әр түрлі іріліктегі сынықтарға бөлінеді.....
Курстық жұмыстар
Толық