Информатика | Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу

Кіріспе
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңінде экономикалық көрсеткіштердің өсіп келе жатқандығы қуантады. Мемлекетіміз өсіп-өркендеп келе жатқанда оның бәсекелі ел болуына атсалысуымыз керек. Осы курстық жұмысымның да басты мақсаты жеке мүлікті сақтандыруды жаңа деңгейге көтеріп, сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу міндеті тұр.
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде негізінен сақтандырудың соның ішінде әрине жеке мүлікті сақтандырудың анықтамасы, оның қалай атқарылатындығы берілген. Сондай-ақ оның мәні, іс-әрекеті, сақтандыру сфералары жайлы сөз болады.
Қазіргі кезде сақтандыру кейбір жағдайларда міндеттілік сипат алып келеді. Оның мәні түсінікті де. Себебін айтатын болсам, медициналық сақтандыруды міндетті деп тану өте дұрыс шешім. Сақтанушы қандайда бір өмірге қауіпті жағдайға түсіп қалса оған жедел жоғары сапалы көмек көрсетілуі керек болады. Осындай жағдайда сақтандырушы заңды тұлға денсаулығын қайтаруға кететін шығынның бәрін өзіне алады. Бұл адам өмірінің сақтаулығы жанды түршіктірердей.
Сондай-ақ жеке мүлікті сақтандыру да өте керекті нәрсе. Жеке мүлік қазіргі кезде ақша сақтаудың негізгі көзі болып табылады. Кейбір ақшасы жетерлік азаматтар мүлік алып қояды. Оның бағасы өскен сайын ақшасы өсе бастайды. Сондықтан жеке мүлікті сақтаудың маңызы көп екенін көреміз. Сақтандырылған мүлік өзімен бірге адамға сенімділік ұялатады. Қандай жағдай болмасын ол мүлігінің сақтаулы күйінде қалатынына сенімді болады....
Курстық жұмыстар
Толық