Тарих | Қазақстан тарихын оқыту барысында окушыларга эстетикалық тәрбие беру

Тақырыптың өзектілігі:
"Ұлттық патриотизм", "ұлттық сана" деген секілді аса маңызды ұғымдар көп жағдайда терең зерделенбеген.
Қазақстан жағдайында осындай бір топ мәселенің басын ашып алмай тұрып патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес екені анықталды. Республикамыз бір саяси құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа сападағы қарым-қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде мектептегі тәрбие жүмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Бұндай жағдайда замана ағымына қарата пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажеттігі туындайды.
Тақырыптың мақсаты:
отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түсуді қолға алу. Сондықтан біз тектілікпен туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп, нығаюы, елін, жерін шексіз сүйіп, соған қызмет ету, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау деп көрсетуді қолға алу басты мақсатымыз болып табылады. Демек, ұлттық патриотизм дегеніміз қанмен, текпен туа бітетін, тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілетін ұлттық сипаттағы саналы іс-әрекет пен мінез-құлықтардытарих сабағында оқушыға ұғындыра білу.
Тақырыптың міндеттері:
-Казақстан тарихы пәніндеоқушыцларға тәрбиелік білім берудің міндеттерін қолға алуды қарастыру.
-Тарих сабағында кең көлемде тарихи тағылымды сабақтарды оқыту міндеттерін қарастыру.
-Тәрбие ұғымына кең түсінік беріп, оның түрлеріне тоқталу.
-Ұлтжаандылық адамгершілік отанға деген патриоттық тәрбиелерді насихаттауды қолға алу.
-Тарих сабағында тәрбиенің міндеттерін жалпы қорытындылау.
Тақырыптың тарихнамасы:
Жалпы бұл тақырпта Тотай Тәжұлының , А.Жансбекованың Тұрсын Хәзіретәлінің Мектепте тарихты оқыту әдістемесі атты кітаптары пайдаланылды.
I. Тарих сабағының тәрбиелік міндеттері.
1.1. Қазақ халқында тәрбиенің алатын орны.
Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталмақ. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады. Салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ қалыптасады.
Адамзат қоғамының қай кезеңінде болсын отбасы тәрбиесі мәселелері кұн тәртібінен түскен емес.
Отбасы тәрбиесі мәселелері Шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фараби, Ж.Ба-ласағүн, Қ.Иассауи, М.Қашғари, классик педагогтер Я.Коменский, К.Ушин-ский, И.Песталоцци, казақ ағартушылары Абай Құнанбаев пен Ы.Алтынса-рин еңбектерінде, кеңес педагогтері В.Сухомлинский, А.Макаренко, Н.Круп-ская, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов және т.б. еңбектерінде кеңінен орын алады. Бүгінде отбасы тәрбиесі мәселелері қазақ-стандық ғалымдар С.Ғаббасов, Р.Қоянбаев, Г.Байделдинова, В.Лысенкова, Р.Төлеубекова жөне т.б. тарапынан зерттелініп келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық