Педагогика | Қазақстан тарихының тәрбиелеушілік мүмкіндігін жүзеге асыру жолдары

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолына енді ғана түсті, оның келешегі алда, ол да жақсы дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылады.
Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматгар керек. Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады.
Тақырыпты мақсаты:
Сондықтан да біз қазір (Қазақстан мектептеріндегі) тәрбиенің мақсатын анықтағанда мұндай теріс бағыттарынан бас тартамыз.
Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге,- сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиеленеді, еңбек-ке, қарт ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, адамзат жасаған құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді; эстетикалық, экологиялық, экономикалық т.б. тәрбие алады.
Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру дегеніміз — табиғаттың да, қоғамның да (соларда болып .....
Курстық жұмыстар
Толық